top bg pages

Жаңалықтар

news picture

Жанат Түсіпбеков «Біріккен химия компаниясы» ЖШС Басқарма төрағасы болып тағайындалды

2021 жылғы 17 мамырда Жанат Түсіпбеков «Біріккен химия компаниясы» ЖШС Басқарма төрағасы болып тағайындалды.

Жанат Рашидұлы Түсіпбеков 1977 жылы 6 наурызда Қарағанды қаласында дүниеге келген. 1998 жылы Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «құқықтану» мамандығы бойынша, 2005 жылы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін «экономика» мамандығы бойынша тәмамдады, 2012 жылы Қазақ технология және бизнес университетінің магистратурасын бітірді.

1997-2004 жылдар аралығында мемлекеттік қызметте жұмыс істеген – Қарағанды облысы бойынша Ішкі істер басқармасында, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде, Есірткі бизнесіне қарсы күрес агенттігінде, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінде әртүрлі лауазымдық қызметтерді атқарды. 2004-2005 жж. Ақмола облыстық сотының судьясы болып жұмыс істеді.

Жанат Түсіпбеков мұнай-газ саласындағы еңбек жолын 2005 жылы «ҚазМұнайГаз» сауда үйі» АҚ атқарушы директоры ретінде бастады, ал 2009 жылы Қазақстанда мұнай өнімдерін өткізуге жауапты бөлшек сауда компаниясы – «ҚазМұнайГаз Өнімдері» АҚ Бас директоры болып тағайындалды. 2011 жылғы ақпаннан 2012 жылғы ақпанға дейін «ҚазМұнайГаз – өңдеу және маркетинг» АҚ Бас директоры және Басқарма төрағасы лауазымын атқарды. 2012 жылғы ақпанда «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасының кеңесшісі болып тағайындалды. 2012 жылғы мамырдан 2019 жылғы қарашаға дейін KPMG International N.V. Бас директоры лауазымын атқарды.

Жанат Рашидұлының спорт менеджментінде де тәжірибесі бар. 2013 жылы Қазақстан Республикасы Ауыр атлетика федерациясының президенті болып сайланды. 2015 жылдан бастап Халықаралық ауыр атлетика федерациясының маркетингтік комиссиясының төрағасы және Халықаралық ауыр атлетика федерациясының атқарушы комитетінің мүшесі болып табылады. 2017 жылы Халықаралық ауыр атлетика федерациясының вице-президенті болып сайланды.

Тізімге оралу