«Біріккен химиялық компания» ЖШС өзінің әлеуетін ашу және өз қызметкерлерінің мансаптық өсуі үшін кең мүмкіндіктер ұсынады. Біздің ұжымымыз – бұл елдің химия өнеркәсібін дамытуды алға жылжыту бойынша компанияның стратегиялық мақсатын іске асыратын кәсіпқойлар командасы.
Қызметкерлердің жемісті жұмыс істеуге, дамуға, жаңа нәрселерді үйренуге деген дайындығы мен қабілеті – «Біріккен химиялық компания» ЖШС-нің ұзақ мерзімді жетістігінің кепілі. Сондықтан Компания ұжымның кәсіби деңгейін көтеруге күрделі көңіл бөледі. БХК тәжірибелі кәсіпқойларға және ЖОО түлектеріне өзін-өзі жетілдіру мен жемісті еңбек ету үшін ең жақсы жағдайлар ұсынуға дайын. Біз Қазақстанның жетекші ЖОО-ларымен ынтымақтасамыз, одан басқа мамандарды дайындау үшін Атырау қаласында және Тараз қаласында өндірістік қызметкерлерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру бойынша халықаралық стандарттар деңгейінде техникалық жабдықталған заманауи оқу орталықтарын құру жоспарлануда.
«Біріккен химиялық компания» ЖШС өз мамандарын жоғары бағалайды және әлеуметтік пен кадрлар саясатының мәселелерінде жоғары халықаралық стандарттарды сақтайды. Біз қызметкерлерге әлеуметтік қолдау көрсетуге ерекше назар аударамыз.
2019 жылдың 5 қыркүйегінде «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ SamrukQyzmet Бірыңғай вакансиялар платформасын іске қосты. Сайт Қордың компаниялар тобында вакансияларды іздеу үшін мүмкіндіктерді қамтамасыз ететін жұмыспен қамту бойынша сандық алаңша болып саналады.