КОМПЛАЕНС. АДАЛДЫҚ. ЖОҒАРЫ ІСКЕРЛІК БЕДЕЛ

Біз әдепті және жауапты әрекет етуді орынды деп қана қабылдамаймыз, сонымен қатар жауапты және табысты бизнес-ортаның дамуына ықпал ететініне сенімдіміз.

Күн сайын біз серіктестерімізбен, мемлекеттік органдармен, қызметкерлермен және құрылтайшылармен қарым-қатынасымызды құрметпен және өзіміз ұстанатын іскерлік этиканың жоғары стандарттарына сәйкес жүзеге асыруға ұмтыламыз.

Өз қызметімізде қолданыстағы заңдар мен нормативтік талаптарды сақтаймыз.

Біздің компания серіктестеріміздің этикалық стандарттарына құрметпен қарайды.

БІЗДЕГІ ЭТИКА КОДЕКСІ

Корпоративтік этика кодексі біздің компаниямыздың әрбір қызметкеріне қатысты. Уақытша немесе қоса атқару бойынша жұмыс істейтін компанияның мердігерлері, кеңесшілері, қызметкерлері біздің компаниямыздың атынан және мүддесінде әрекет ете отырып, Корпоративтік этика кодексінің ережелерімен таныс болуға және оларды толық көлемде сақтауы тиіс.

Кодекс компанияның құндылықтарын толықтырады және барлық қызметкерлер басшылыққа алатын мінез-құлықтың негізгі стандарттарын қамтиды. Алайда бұл компанияның этикалық бизнес саласындағы саясатының толық көрінісі болып табылмайды және барлық мүмкін жағдайлардың сценарийлерін қамтымайды. Кодексте көрсетілмеген мәселелерге тап болған қызметкерлер этиканың, адалдықтың жоғары стандарттарын ұстануға және Кодекстің өзінде белгіленген негіздерді, сондай-ақ компанияның осы жағдайда қолданылатын ережелері мен рәсімдерін басшылыққа алуы тиіс.


Іскерлік этика кодексі Жүктеп алу / көру
үшін суретті басыңыз

БІЗДІҢ БАСШЫЛАР

Біздің басшылар басқа қызметкерлерге үлгі болып, жоғары этикалық стандарттарды, ережелер мен рәсімдерді сақтауға ынталандырады, және:

  • Тек өз басының этикалық мінез-құлқын көрсетуге;
  • Іскерлік этика мен адалдықтың маңыздылығын ашық талқылауға және баса назар аудартуға;
  • Әркім этика кодексін, ішкі рәсімдерді немесе саясатты бұзу мүмкіндігіне қатысты алаңдаушылық білдіре алатын ашық қарым-қатынас мәдениеті көтермеленетін жұмыс атмосферасын қолдауға және нығайтуға;
  • Жоғары қаржылық нәтижелерге қол жеткізуге алып келетін болса да, адалдық пен заң қағидаларын бұзуды ешқашан ақтамауға;
  • Заңнаманы, рәсімдерді және компания саясатын ықтимал бұзушылықтарға қатысты өз пікірін ашық білдіргені үшін қудалауға барынша төзімділік танытуға;
  • Компания үшін назар аударуды талап ететін немесе қатерлер туғызатын мәселелерді шешу үшін комплаенске және заң қызметіне жүгінуге міндетті.

АШЫҚ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС МӘДЕНИЕТІ ЖӘНЕ БАСТАМАШЫЛ АҚПАРАТ БЕРУ САЯСАТЫ

Компания корпоративтік орта құрады, онда қызметкерлердің көптеген арналар (комплаенс қызметі, заң бөлімі, персоналмен жұмыс жөніндегі бөлім, басшылық, тексеру комиссиясы, жедел желі) арқылы іскерлік этика қағидаттарын тиісінше сақтауға қатысты алаңдаушылығын білдіруі құпталады.

why-kz
Үлкейту үшін басыңыз
Азайту үшін басыңыз

(Ашық қарым-қатынас мәдениеті)

(Біздің компанияда этиканы бұзу туралы хабарламалар үшін қудалауға нөлдік төзімділік бар)

(Басшы – Комплаенс-офицер – Тексеруші – HR – Заңгер – Жедел желі)

Саясаттың, процедураның және этика кодексінің мазмұнын тексеріп, өзіңізге 3 сұрақ қойыңыз:

  • Бұл корпоративтік этика кодексіне сәйкес келе ме?
  • Бұл заңды ма?
  • Бұл әрекет этикаға сай келе ме?
  • Егер бұл көпшілікке белгілі болса, орынды бола ма, компанияға зиян тигізбейді ме, мен мұндай шешім үшін жауапкершілікті қабылдауға дайынмын ба?)

Этика мен корпоративішілік процедуралардың ықтимал бұзушылықтары туралы хабарлағаны немесе ықтимал бұзушылықты тергеуге қатысқаны үшін қудалауға қатаң тыйым салынады.

ЖЕДЕЛ ЖЕЛІ

Біз тек компания қызметкерлерінен ғана емес, сонымен қатар серіктестерімізден, кеңесшілерімізден, өнім берушілерімізден этика кодексін бұзу туралы хабарламаларды қабылдаймыз.

Біз әрбір өтінішті, егер ол этика кодексін, заңнаманы немесе ішкі рәсімдерді, компания саясатын бұзу мүмкіндігіне қатысты болса, тіркеуді және тергеуді қамтамасыз етеміз.

Егер сіз қаласаңыз, біз құпиялылықты сақтаймыз және анонимділікті түсіністікпен қабылдаймыз.


Үмәндісіз ба – сұраңыз, сенімдісіз бе – әрекет етіңіз!

Маңызды! «Самұрық-Қазына» АҚ Жедел желі заңнаманы және/немесе Мінез-құлық кодексін бұзу фактілері, алаяқтық, сыбайлас жемқорлық, құпия және инсайдерлік ақпаратты рұқсатсыз ашу жағдайлары туралы хабарлауға арналған байланыс арнасы болып табылатынын хабарлайды. Қызмет көрсетуге байланысты мәселелер бойынша, сондай-ақ «Самұрық-Қазына» АҚ басшылығының және «Самұрық-Қазына» АҚ тобы компанияларының атына ресми өтініш жасау үшін компаниялардың корпоративтік веб-сайттарында көрсетілген байланыс деректерін пайдалану қажет. Тапсырыс берушінің, ұйымдастырушының, тендерлік комиссияның, сараптама комиссиясының, сарапшының, «Самұрық-Қазына» АҚ тобы компанияларының электрондық сатып алу ақпараттық жүйесі операторының іс-әрекеттері мен шешімдеріне шағымдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес zakup.sk.kz сатып алу веб-порталы арқылы беріледі.