Жобаның аты: «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» АЭА («ҰИМТ» АЭА) аумағында инфрақұрылым объектілерінің құрылысы 2-кезең.
Жобаның мақсаты: «Бутадиен» және «Полиэтилен» жобаларын инфрақұрылыммен қамтамасыз ету.
2-кезеңдегі «ҰИМТ» АЭА инфрақұрылым объектілерін салу жобасын іске асыру келесі объектілердің құрылысын қамтиды:
- Суды тазарту және сарқынды суларды тазарту қондырғыларын орнату, 2-кезең;
- Сыртқы сумен жабдықтау;
- Инженерлік дәліз 2-кезең;
- Сыртқы газбен жабдықтау желілері, 2-кезең;
- Жалпы зауыт инфрақұрылымы.
Жобаны іске асыру жері: Атырау облысы, ҰИМТ АЭА аумағы, Қарабатан учаскесі
Бастапқы шикізат: көмірсутек шикізаты және тазартылған су
Ағымдағы жағдай және алдағы жоспарлар: Жобаның техникалық-экономикалық негіздемесі әзірленуде.