Компания ішкі және сыртқы мүдделі тараптарды анықтап, олардың талаптары мен үміттерін талдады. "Samruk-Kazyna Ondeu" ЖШС стейкхолдерлермен тиімді диалог құру бойынша жұмыс істейді және шешім қабылдау кезінде олардың мүдделерін ескеруге тырысады.
Мүдделі тараптардың картасы
|
№
|
Мүдделі тарап
|
Ынтымақтастық мәселелері
|
Ынтымақтастық әдістері
|
|
Ішкі мүдделі тараптар
|
|
1
|
Бір ғана қатысушы
|
- Бір ғана қатысушының құқықтарын қамтамасыз ету
- Бір ғана қатысушының шешімдері мен күтулерін орындау
|
- Жарғы
- Қаржылық және басқарушылық есеп
- Жылдық есеп
- Кездесулер, кеңестер
- Интернет ресурстар
- Іскерлік хат алмасу
|
|
2
|
Бақылау кеңесі
|
- Компанияның даму стратегиясы мен басым бағыттарын анықтау
- Атқарушы орган қызметін бақылау
|
- Жарғы
- Корпоративтік басқару кодексі
- Бақылау кеңесі туралы ереже
- Басқа ішкі нормативтік құжаттар
- Қаржылық және басқарушылық есеп
- Жылдық есеп
- Кездесулер, кеңестер
- Интернет ресурстар
- Іскерлік хат алмасу
|
|
3
|
Басқарма
|
- Бір ғана қатысушы мен Бақылау кеңесінің құзыретіне кірмейтін барлық мәселелер
|
- Жарғы
- Ішкі нормативтік құжаттар
- Қаржылық және басқарушылық есеп
- Жылдық есеп
- Кездесулер, кеңестер
- Интернет ресурстар
|
|
4
|
Қызметкерлер
|
- Жұмыс берушімен еңбек қатынастары
- Компанияның міндеттері мен функцияларын орындау үшін қызметтік міндеттерді атқару
|
- Қазақстан Республикасы Еңбек кодексі
- Ішкі кездесулер
- Оқыту және семинарлар
- Корпоративтік іс-шаралар
- Кеңестер, Басқарма отырыстары
|
|
5
|
Тәуелді ұйымдар
|
- Компанияның қатысушы ретінде мүдделерін сақтау
|
- Жарғы
- Ішкі нормативтік құжаттар
- Кездесулер, кеңестер
- Интернет ресурстар
- Іскерлік хат алмасу
|
|
Сыртқы мүдделі тараптар
|
|
6
|
Инвесторлар
|
- Бірлескен жобаларды жүзеге асыру
|
- Компанияның даму стратегиясы
- Ішкі нормативтік құжаттар
- Интернет ресурстар
- Жылдық есеп
- Қаржылық есеп
- Келісімдер, меморандумдар
- Кездесулер, кеңестер, конференциялар
|
|
7
|
Бизнеc серіктестері, жеткізушілер
|
- Өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту
|
- Компанияның даму стратегиясы
- Ішкі нормативтік құжаттар
- Интернет ресурстар
- Келісімшарттар
- Кездесулер, кеңестер, конференциялар
- Сатып алу порталы
|
|
8
|
Өнім тұтынушылары
|
- Тұтынушылар қажеттіліктерін қанағаттандыру
- Өнімдер (қызметтер) сапасы
|
- Компанияның даму стратегиясы
- Ішкі нормативтік құжаттар
|
|
9
|
Мемлекеттік органдар
|
- Компания қызметін мемлекеттік органдар құзыреті шегінде үйлестіру
|
- Қазақстан Республикасының заңнамасы
- Үкіметтік жұмыс органдарының іс-шараларына қатысу
- Іскерлік хат алмасу
|
|
10
|
Бәсекелестер
|
- Дамуға ынталандыру
- Бенчмаркинг
- Салалық жалпы мәселелерді шешу үшін ынтымақтастық
|
- Статистикалық деректер мен басқа ашық көздерден алынған ақпарат негізінде нарықты мониторинг және талдау, оның ішінде бәсекелестердің есептері
- Интернет ресурстар
|
|
11
|
Қоғамдық ұйымдар/халық
|
- Қолдау, адалдық, жағымды көзқарас
- Ынтымақтастық
|
- Корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік саясатын және бағдарламаларын жүзеге асыру
- Қаржылық және қаржылық емес ақпаратты жариялау
- Есептілік
- Кездесулер
- Интернет ресурстар
|
|
12
|
БАҚ
|
- Компания қызметі туралы ақпараттандыру
- Мәліметтердің ашықтығы және жариялылығы
|
- Ішкі нормативтік құжаттар
- Жылдық есеп
- Интернет ресурстар
|
Ұсынылған мүдделі тараптардың картасы басшылыққа, сондай-ақ компанияның мүдделі тараптарымен өзара іс-қимылды жүзеге асыратын бөлімшелер өкілдеріне сауалнама жүргізу арқылы дайындалды.
Компанияның негізгі қызметкерлерінен алынған стейкхолдерлердің әсер ету индекстері мен Компанияның қызметіне тәуелділігін сараптамалық бағалау негізінде әр стейкхолдердің маңыздылығын анықтайтын Компанияның стейкхолдерлерінің әсер ету және тәуелділік матрицасы жасалды.
Мүдделі тараптардың әсер ету және тәуелділік матрицасы
Шифрлау:
1 – Бір ғана қатысушы
2 – Бақылау кеңесі
3 – Басқарма
4 – Қызметкерлер
5 – Тәуелді ұйымдар
6 – Инвесторлар
|
7 – Бизнеc серіктестері/Жеткізушілер
8 – Өнім тұтынушылары
9 – Мемлекеттік органдар
10 – Бәсекелестер
11 – Қоғамдық ұйымдар
12 – БАҚ
|