top bg pages

Сатып алу туралы хабарландырулар

Сатып алу туралы хабарландырулар

«Бутадиен» ЖШС-нің қаржылық есептілігіне аудит жүргізу үшін аудиторлық ұйымды таңдау
«Бутадиен» ЖШС-нің 2026 жылғы 31 желтоқсанда аяқталған кезеңдегі қаржылық есептілігіне аудит жүргізу үшін аудиторлық ұйымды таңдау «Бутадиен» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 2026 жылғы 31 желтоқсанда аяқталған кезеңдегі қаржылық есептілікке аудит жүргізу бойынша қызметтер көрсету үшін аудиторлық ұйымды таңдау рәсімін өткізетіні туралы хабарлайды. Сатып алынатын қызметтердің толық тізбесі, егжей-тегжейлі сипаттамасы, көлемі және көрсетілетін орны Аудиторлық ұйымды таңдау рәсіміне қатысуға арналған сұрау салуда (бұдан әрі — Сұрау салу) көрсетілген. Сұрау салуды 2026 жылғы 30 қазанда сағат 18:00-ге дейін (қоса алғанда) мына мекенжай бойынша алуға болады: 060000, Атырау қ., Құрманғазы көшесі, 32, 5-қабат, немесе электрондық пошта арқылы: s.lebedeva@qazbutadien.com, office@qazbutadien.com. Қатысуға арналған Сұрау салуды электрондық пошта арқылы алмаған жағдайда +7 (7122) 76 39 07, ішкі нөмір 204 телефоны бойынша хабарласуларыңызды сұраймыз. Қосымша ақпаратты құпиялылық туралы келісімге қол қойылғаннан кейін s.lebedeva@qazbutadien.com электрондық поштасы арқылы немесе 060000, Атырау қ., Құрманғазы көшесі, 32, 5-қабат мекенжайы бойынша, сондай-ақ +7 (7122) 76 39 07, ішкі нөмір 204 телефоны бойынша сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін алуға болады. Қатысуға ресми өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі — 2026 жылғы 2 қарашада сағат 10:00-ге дейін, мына мекенжай бойынша: 060000, Атырау қ., Құрманғазы көшесі, 32, 5-қабат. Конкурстық ұсыныстары бар конверттер 2026 жылғы 2 қарашада сағат 15:00-де ашылады.
Аудиторлық ұйымды 2025, 2026, 2027 және 1 жартыжылдыққа таңдау 2025, 2026, 2027 2023 жыл
«Самруқ-Қазына Оңдеу» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі және оның еншілес компаниялары «KarabatanUtilitySolutions» ЖШС, «SSAP» ЖШС, «ХИМ-плюс» ЖШС, «Полимер Продакшн» ЖШС қаржылық есептілік аудитін жүргізу бойынша қызметтер көрсету үшін аудиторлық ұйымды таңдау рәсімін өткізу туралы хабарлайды. 2025, 2026, 2027 жылдар және 2025, 2026, 2027 жылдардың 1-жарты жылдығында.

Қызметтерді сатып алудың жоспарланған құны ҚҚС есебінсіз 188 174 679 теңгені құрайды.

Сатып алынатын қызметтердің толық тізбесі, егжей – тегжейлі ерекшелігі, көлемі мен орны аудиторлық ұйымды таңдау рәсіміне қатысуға арналған сауалда (бұдан әрі-Сауал) көрсетілген.

Сұрауды 2023 жылғы қыркүйек айының 12-ге дейін сагат 18:00 га дейін мына мекенжай бойынша: 010000, Астана қаласы, Нұра ауданы, Сығанақ көшесі, 17/10 үй, 5 қабат, 0511 кабинет, құпиялылық туралы келісімге қол қойылғаннан кейін алуға болады.

Қосымша ақпаратты 8 (7172) 737150, 737152 телефондары бойынша, e-mail: b.takezhanova@o-sk.kz, және www. o-sk.kz веб-сайтынан немесе 010000, Астана қаласы, Нұра ауданы, Сығанақ көшесі, 17/10 үй, 5 қабат, 0505 кабинет мекенжайынан алуға болады.

Қатысуға өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі 2023 жылғы 13 қыркүйек сағат 09:00-ге дейін мына мекенжай бойынша: 010000, Астана қаласы, Нұра ауданы, Сығанақ көшесі, 17/10 үй, 5 қабат, 0511 кабинет.

Конкурстық ұсыныстар салынған конверттер 2023 жылы 13 қыркүйекте сағат 14-00-де ашылады.