Біз экономикаға, қоршаған ортаға және қоғамға өз әсеріміз үшін есеп берушілігімізді сезінеміз. Біз акционерлер мен инвесторлар алдындағы ұзақ мерзімді құнның өсуі және Серіктестік пен еншілес ұйымдардың ұзақ мерзімді кезеңде орнықты дамуы үшін өзіміздің жауапкершілігімізді сезінеміз. Біз ресурстарға (энергияны, шикізатты, суды қоса алғанда) ұқыпты қарау, шығарындыларды, қалдықтарды дәйекті түрде азайту және өнімділігі жоғары, энергия және ресурс үнемдейтін технологияларды енгізу арқылы өз қызметіміздің қоршаған орта мен қоғамға теріс әсерін азайтуға ұмтыламыз. Біз мемлекеттік бюджетке салықтарды және заңнамада көзделген өзге де алымдарды төлейміз. Біз өзіміздің даму стратегиямыз бен мүмкіндіктеріміз шеңберінде жұмыс орындарын сақтап қаламыз және оларды құрамыз. Біз өз Стратегиямыздың шеңберінде және қолдағы бар қаржылық мүмкіндіктер шегінде қызметімізді жүзеге асыратын жергілікті жердің дамуына жәрдемдесуге ұмтыламыз. Біз лауазымды тұлғаларға, жұмыскерлерге қатысты әр деңгейде ойластырылған және ақылға қонымды шешімдер қабылдаймыз. Біз ресурстарды ұқыпты және жауапты пайдалануға, еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған инновациялық технологияларды енгізуге ұмтыламыз. Біздің өнімдеріміз, тауарларымыз бен қызметтеріміз заңнамада белгіленген тұтынушылардың денсаулығы мен қауіпсіздігі стандарттарына сәйкес келуі және тиісті сапада болуы керек. Біз өз клиенттерімізді бағалаймыз.