2018 жылғы 27 тамыздағы Samruk-Kazyna Ondeu Бақылау кеңесінің шешімімен “Samruk-Kazyna Ondeu” (SK-Ondeu) ЖШС-нің 2018-2028 жылдарға арналған Даму стратегиясы бекітілді.
Samruk-Kazyna Ondeu стратегиясы жинақы холдингті қалыптастыру, жобалық басқару стратегиясын іске асыру, компанияның кейбір жобаларын сенімді басқаруға беру, операциялық және инвестициялық тиімділікті арттыру, тиісті құзыреттерді, қаржылық тұрақтылықты арттыру бөлігінде “Самұрық – Қазына” АҚ тұлғасындағы жалғыз қатысушының даму стратегиясына сәйкес келеді.
МіндеттеріИнвесторлар үшін қолайлы жағдай жасау арқылы ҚР-да жаңа химия өндірістерін дамытуға ықпал ету, қажет болған жағдайда капиталға қатысу.
Samruk-Kazyna Ondeu пайымдауыБазалық мұнай-химия жобаларының портфелін басқаратын тұрақты және табысты компания, кешенді жобаларды іске асыру саласында тәжірибесі бар құзыретті серіктес.
Samruk-Kazyna Ondeu қызметінің қағидаттары