top bg pages

Маңыздылық матрицасы

Осы есепті дайындау барысында біз GRI стандарттарының мәнділік қағидатын қолдандық, сондай-ақ мүдделі тараптардың пікірлері мен күтулерін ескердік. Бұл ақпаратты сапалы ашуға мүмкіндік берді.

Мәнді деп біз, біріншіден, Компанияның ықпалы жоғары, екіншіден, мүдделі тараптарға елеулі әсері бар мәселелерді санаймыз. Мәнділікті талдау Компанияның экономикалық, экологиялық және әлеуметтік салалардағы ықпалын ішкі бағалауды, сондай-ақ мүдделі тараптардың көзқарасы тұрғысынан тақырыптардың маңыздылығын бағалауды қамтыды. Соңғысы стейкхолдерлермен өзара іс-қимыл нәтижесінде (сауалнама, кеңестер, сұхбаттар) анықталды.

Мүдделі тараптардың күтулері мен Компания ішіндегі бағалауларға сәйкес тақырыптар мәнділік дәрежесі бойынша рейтингтеліп, Мәнділік матрицасына енгізілді. Осы жылдық есепте Матрицаның оң жақ жоғарғы бөлігіне түскен, ең маңызды деп танылған тақырыптар ашылды. Барлық тақырыптар ұйым ішінде де, оның шегінен тыс та ықпал етеді.

МАҢЫЗДЫ ТАҚЫРЫПТАРДЫҢ МАТРИЦАСЫ


 
Үлкейту үшін басыңыз
Азайту үшін басыңыз