top bg pages

Тексеру комиссиясы

Тексеру комиссиясы туралы ақпарат

Тексеру комиссиясы жалғыз қатысушыға, байқау кеңесіне, Басқармаға серіктестіктің стратегиялық мақсаттарына қол жеткізу жөніндегі міндеттерін орындауда қажетті жәрдем көрсетеді.

Тексеру комиссиясы қызметінің негізгі мақсаты Жалғыз қатысушыға және Бақылау кеңесіне серіктестіктің тәуекелдерді басқару, ішкі бақылау және корпоративтік басқару жүйелерін жетілдіруге бағытталған тәуелсіз және объективті кепілдіктер мен кеңестерді ұсыну болып табылады.

Тексеру комиссиясының негізгі міндеттері:

11) серіктестік пен оның еншілес ұйымдарының ішкі бақылау жүйесінің сенімділігі мен тиімділігін бағалау;

2) серіктестік пен оның еншілес ұйымдарының мақсаттарына қол жеткізу мәселесінде ақылға қонымды кепілдіктер беру арқылы тәуекелдерді тұрақты анықтауға, бағалауға және мониторингіне ықпал ететін серіктестік пен оның еншілес ұйымдарының тәуекелдерді басқару жүйесінің сенімділігі мен тиімділігін бағалау;

3) серіктестіктің және оның еншілес ұйымдарының Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауын бағалау және осы талаптарға сәйкестігін қамтамасыз ету үшін құрылған және қолданылатын жүйелер мен рәсімдердің барабарлығын бағалау;

4) серіктестік пен оның еншілес ұйымдарының ресурстарын пайдаланудың ұтымдылығы мен тиімділігін және серіктестік пен оның еншілес ұйымдары активтерінің сақталуын қамтамасыз етуде қолданылатын әдістерін/тәсілдерін бағалау;

5) серіктестіктің және оның еншілес ұйымдарының корпоративтік басқару үдерісін жетілдіруді бағалау;

6) серіктестікте және оның еншілес ұйымдарында алаяқтық жасау тәуекелін және алаяқтық тәуекелін басқару тиімділігін бағалау;

7) серіктестіктің және оның еншілес ұйымдарының тексеру комиссиясының қызметін әдістемемен қамтамасыз ету және үйлестіру.

Тексеру комиссиясының тәуелсіздігіне өз міндеттерін орындау кезінде Тексеру комиссиясының тиісті ұйымдық мәртебесін қамтамасыз ету арқылы қол жеткізіледі.

Тексеру комиссиясы өз қызметін Б

айқау кеңесі бекітетін жылдық жұмыс жоспарына және жалғыз қатысушының, Байқау кеңесінің немесе оның төрағасының тапсырмасы бойынша жоспардан тыс тапсырмаларға сәйкес жүзеге асырады.

Тексеру комиссиясының қызметін бағалау серіктестіктің Байқау кеңесінің шешімімен бекітілген тексеру комиссиясы қызметкерлерінің қызметін бағалау қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.