«Біріккен химиялық компания» ЖШС (бұдан әрі – Серіктестік) тәуекелдерді басқару жүйесі мен рәсімдерін оның қаржылық тұрақтылығы мен беделіне теріс әсер етуі мүмкін ықтимал оқиғаларды уақытылы сәйкестендіруге, бағалауға, мониторингтеуге және азайтуға бағытталған корпоративтік басқарудың негізгі элементі ретінде дамытудың маңыздылығын түсінеді.
Тәуекелдерді басқару Серіктестіктің барлық деңгейлерінде Тәуекелдерді басқарудың корпоративтік жүйесін (бұдан әрі – ТБКЖ) енгізу арқылы шоғырландырылған негізде жүзеге асырылады. ТБКЖ – бұл бірыңғай процеске біріктірілген өзара байланысты элементтер жиынтығы, оның шеңберінде Серіктестіктің органдары, басшылығы мен жұмыскерлері әрқайсысы өз деңгейінде Серіктестіктің қызметіне ықпал етуі мүмкін әлеуетті оқиғаларды анықтауға, сондай-ақ қатысушы үшін қолайлы тәуекел деңгейі шеңберінде осы оқиғаларды басқаруға қатысады.
Тәуекелге бағдарланған басқаруды ұйымдастыру, сыртқы және ішкі ортаның өзгеруіне уақытылы ден қою, сондай-ақ тәуекелдерді іске асыру кезінде ықтимал шығындарды азайту мақсатында Серіктестікте және оның негізгі еншілес және тәуелді ұйымдарында тәуекелдерді басқару жүйесін енгізу және жетілдіру қамтамасыз етіледі: тәуекелдерді басқаруға жауапты тәуекел-үйлестірушілер тағайындалды, негізгі тәуекелдерді басқару бойынша есептер тоқсан сайын қалыптастырылады, тәуекелдерді басқару жөніндегі ішкі нормативтік құжаттар өзектендіріледі.
Серіктестіктің байқау кеңесі шоғырландырылған тіркелімді және тәуекелдер картасын, негізгі тәуекелдерді сипаттай және талдай отырып, негізгі тәуекелдерді басқару бойынша тоқсан сайынғы есептерді бекітті. Тәуекелге бағдарланған тәсілді қолдану мақсатында Серіктестіктің байқау кеңесі Серіктестік қызметінің түрлері бойынша шектеулерді (тәуекел-тәбетті) бекітті.
Серіктестік тәуекелдерін сәйкестендіру әлемдік тәжірибе, салалық және халықаралық бенчмарктер негізінде, сараптамалық бағалау, статистикалық деректер, болған шығындардың деректер базасы, аудиторлық және өзге де тексерулердің нәтижелері және т.б. ескеріле отырып жүзеге асырылады. Сәйкестендірілген тәуекелдер кейіннен бағалау, басқару және мониторинг үшін Серіктестіктің тәуекелдер тіркеліміне және картасына қалыптастырылады. Өзектілік пен маңыздылық деңгейін анықтау үшін Серіктестік тұрақты негізде тіркелімге және тәуекелдер картасына кіретін тәуекелдерді қайта қарайды.