Сауалнама GRI халықаралық стандартына сәйкес мүдделі тараптардың пікірлерін ескере отырып, SK Ondeu тұрақты дамуының ең маңызды тақырыптарын анықтауға бағытталған.Сауалнама нәтижелері маңыздылық матрицасын қалыптастыру үшін пайдаланылады және SK Ondeu интеграцияланған жылдық есебінде жарияланады.
*
Сіздің пікіріңізше, аталған тақырыптардың әрқайсысы алдағы 3–5 жылда SK Ondeu-дің қаржылық тұрақтылығына, инвестициялық тартымдылығына және ұзақ мерзімді құнына қаншалықты әсер ете алады? (Ұсынылған тақырыптардың маңыздылығын 5 балдық шкала бойынша бағалаңыз, мұнда: 0 — әсер етпейді, 1 — төмен дәрежедегі ықпал, 2 — орташадан төмен, 3 — орташа ықпал, 4 — орташадан жоғары, 5 — жоғары дәрежедегі ықпал.)
1. SK Ondeu қызметінің нәтижелері және қаржылық тұрақтылығы *
2. Жұмыс орындарын құру, қатысу өңірлерінде жергілікті кадрлар мен мердігерлерді тарту *
3. Сатып алу процестерінің ашықтығы, олардың тиімділігі, сондай-ақ отандық (жергілікті) жеткізушілерді қолдау *
4. Сыбайлас жемқорлық бұзушылықтардың алдын алу, бизнестегі этикалық нормаларды сақтау және оң іскерлік беделді сақтау *
5. Адал бәсекелестік принциптерін және монополияға қарсы заңнаманы сақтау *
6. Салықтық міндеттемелерді орындаудағы компанияның ашықтығы мен адалдығы *
7. Əділ еңбек жағдайлары, жұмыспен қамтудың тұрақтылығы және SK Ondeu-дің жұмыс беруші ретіндегі тартымдылығы *
8. Басшылық пен персонал арасындағы коммуникация сапасы, қызметкерлердің компания істеріне қатысу дәрежесі *
9. Өндірістік қауіпсіздікті басқару жүйесі және жұмыс орнындағы жарақаттануды болдырмау *
10. Қызметкерлерді оқытуға, біліктілігін арттыруға және кәсіби дағдыларын дамытуға инвестициялар *
11. Қызметкерлердің мансаптық мүмкіндіктерге тең қолжетімділігі, кемсітушілікке жол бермеу және ұжымдағы алуантүрлілікті қолдау *
12 Кәсіподақтарға бірігу және ұжымдық шарттар жасасу мүмкіндігі *
Сіздің пікіріңізше, SK Ondeu қызметі қоғам мен қоршаған ортаға ең үлкен оң немесе теріс әсер ететін немесе ете алатын салалар қандай?(Ұсынылған тақырыптардың маңыздылығын 5 балдық шкала бойынша бағалаңыз, мұнда: 0 — әсер етпейді, 1 — төмен дәрежедегі ықпал, 2 — орташадан төмен, 3 — орташа ықпал, 4 — орташадан жоғары, 5 — жоғары дәрежедегі ықпал.)
1 Өндірістік процестерде шикізаттық материалдарды тиімді пайдалану *
2. Энергия тұтынуды басқару және энергияны пайдалану тиімділігін арттыру *
3. Жауапты су пайдалану және ағынды суларды тазарту/бейтараптандыру *
4. Қызмет аймақтарындағы экожүйелерге теріс әсерді азайту, биоалуантүрлілікті сақтау *
5. Ластаушы заттар мен парниктік газдар шығарындыларын бақылау және қысқарту, байланысты экологиялық және реттеуші тәуекелдерді азайту *
6. Қалдықтарды (соның ішінде химиялық өндіріс қалдықтарын) қауіпсіз басқару және олардың түзілуін азайту *
7. Мердігерлер мен жеткізушілердің жұмыстың кез келген кезеңінде балалар еңбегін пайдалануына жол бермеу *
8. Мердігерлер мен жеткізушілерден өз қызметінде лайықты еңбек жағдайларын және қызметкерлердің құқықтарын қамтамасыз етуін талап ету *
9. Мердігерлер мен жеткізушілердің экологиялық жауапкершілігін бақылау (олардың табиғатты қорғау нормалары мен талаптарын сақтауы) *
10. Қатысу аймақтарындағы халықпен ынтымақтастық, әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру және жергілікті тұрғындардың мүдделерін ескеру *
11. SK Ondeu-дің мемлекеттік саясатты әзірлеу мен талқылауға мөлдір қатысуы, билік органдарымен ашық өзара іс-қимыл *
12. Дербес деректердің (клиенттер, қызметкерлер) құпиялылығын және компания қызметіндегі ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету *
13 Өнімнің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау, тұтынушылардың құқықтарын және өнімді қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету *
14. SK Ondeu өнімі мен қызметі туралы есептілік пен коммуникацияларда дәл, шынайы ақпарат ұсыну *