news picture

«Самұрық-Қазына» компаниялар тобының 50 жас мамандарының өмірін өзгерткен жоба

Бүгін «Жеті Қадам» жас көшбасшыларды дамытудың бірегей модульдік бағдарламасының финалы өтті. Бағдарламаның мақсаты – «Самұрық-Қазына» компаниялар тобының жас және нәтижелі жұмыскерлерінен болашақ көшбасшыларды құру, оларды басқару құзыреттерін енгізу техникаларына үйрету, коммуникативтік дағдыларды дамыту, командада жұмыс істей білу және т.б.

7 ай ішінде 7 команда 7 түрлі модуль бойынша оқудан өтіп, 7 жаңа және маңызды жобаны әзірледі. Аталған жұмыстарды Самұрық-Қазына портфельдік компанияларының басшылары мен Директорлар кеңесінің мүшелері бағалады.

Қазылар алқасы «Кәсіпорындардағы көмірсутек ізін азайту» жұмысын «Жеті қадам» бағдарламасының үздік жобасы ретінде таныды және «Жастар саясатын жүзеге асыру» жобасының екінші, «Кәсіпорындардағы қауіпсіздік мәдениеті» тақырыбында жұмыс істейтін команда үшінші орынды, «Үнемді өндіріс» жобасы төртінші орынды иеленді.

«Samruk-Kazyna Ondeu» ЖШС-ның атынан «Полимер Продакшн» ЖШС еншілес компаниясының мамандары Мария Котова мен Бақыт Ерденбекова қатысты. 7 топтың бірінің менторы – «Samruk-Kazyna Ondeu» ЖШС Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Мейір Нұртайұлы Шералы сөз сөйледі.

Тізімге оралу