news picture

Біздің Компания өндірістік (экологиялық), әлеуметтік және басқарушылық жауапкершілік (ESG) қағидаттарын ұстанады

Біздің Компания өндірістік (экологиялық), әлеуметтік және басқарушылық жауапкершілік (ESG) қағидаттарын ұстанады. Алайда бұл қағидаттарды қабылдау жеткіліксіз екенін ұғынып, біз барлық ESG трендтерінен хабардар болу және өз қызметінде жаңа тәсілдер мен технологияларды қолдану үшін жұмыскерлеріміздің үздіксіз өсуі мен дамуына, оқуына және біліктілігін арттыруға ұмтыламыз.

Тұрақты даму/экология бойынша (ESG) менеджері Бағжан Қасымбекова Самұрық-Қазына компаниялар тобының экологтарымен Атырауға сапары туралы былай дейді: «Біз KUS газ турбиналы электр станциясына бардық, онда бізге «ҰИМТ» АЭА аумағында жоспарланған өндірістерді электр энергиясымен және жоғары қысымды бумен қамтамасыз етудің барлық технологиялық процесі көрсетілді. Біз зауыттың қызметі қоршаған ортаға қалай әсер ететінін және экологиялық стандарттарды сақтау, қалдықтар мен шығарындыларды азайту үшін қандай шаралар қолданылатынын білдік. Бұдан әрі «Ембімұнайгаз» АҚ кеңсесіне барып, олардың қоршаған ортаға теріс әсерін азайту және ресурстарды тиімді пайдалану жөніндегі жұмыстарымен таныстық».

Сонымен қатар Бағжан өз Компаниясында қандай іс-шаралар басталғаны туралы да айтып берді: «Климаттың өзгеруіне қарсы күрес тенденциясын ескере отырып, «Samruk-Kazyna Ondeu» ЖШС төмен көміртекті даму бағдарламасын әзірлеп, бекітті, мұндағы негізгі мақсат – «SKO» ЖШС-ның климаттық амбицияларын анықтау, компаниялар тобындағы көміртегі ізін азайту саласындағы негізгі тәсілдер мен іс-қимылдарды жалпылау және жүйелеу. Бұл бағдарлама көміртекті бейтараптық бойынша үздік тәжірибелердің барлық құндылықтары мен миссияларына сәйкес келеді. Серіктестіктің 2023-2032 жылдарға арналған стратегиялық мақсаты – 2021 жылмен салыстырғанда 2032 жылға қарай көміртегі ізін 10%-ға төмендету.»

 «Мен климаттың өзгеруін шешу жедел және дәйекті әрекеттерді қажет ететініне сенімдімін, ал бизнестегі жетістік қоршаған ортаға зиян келтірмеуі керек», – дейді Бағжан.

Еңбекті қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі аға менеджер Гаухар Рысова XXIII Халықаралық конгреске, ORP (Occupational Risk Prevention) қатысты. Ұраны – «Жұмыста: бір өмір, бір планета», онда әлемнің түкпір-түкпірінен келген спикерлер жұмыстың, адамдардың және қоршаған ортаның өзара байланысын талқылады.

Бұл туралы ол былай дейді: «Осы конгресті өткізудің басты мақсаты –өндірістік қауіпсіздік, әлеуметтік және тұрақты даму, өндірістік алаңдардағы көшбасшылық және қауіпсіз мінез-құлық мәдениеті саласындағы өзекті мәселелерді талқылау, өндірістік қауіпсіздік бойынша инновациялық цифрлық технологияларды, жеке қорғаныс құралдары мен жабдықтар саласындағы жаңалықтарды көрсету арқылы жұмыскерлердің өмірі мен денсаулығын сақтау.

Бұл сала мамандары мен әлемнің түкпір-түкпірінен келген қатысушылар арасында толық форматты тәжірибе алмасуға ықпал ететін жаһандық желі.

Конгреске 1300-ге жуық делегат офлайн форматта қатысты, 200-ден астам спикер сөз сөйледі, оның ішінде Халықаралық еңбек ұйымының (ILO), Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (WHO), Халықаралық әлеуметтік қамсыздандыру қауымдастығының (ISSA), Еуропалық денсаулық сақтау және еңбек қауіпсіздігі агенттігінің (EASHW), Қауіпсіздік техникасы және денсаулық қорғау институтының өкілдері (IOSH) және басқалар бар».

SKO компаниялар тобының жұмысында не қолдануға болады деген сұраққа Гаухар асқан сенімділікпен мынаны айтты:

«Бүгінгі таңда Конгрессте қарастырылған негізгі салалық тренд – бұл өндірістік қауіпсіздік процестерінің цифрлық трансформациясы, соның ішінде роботтандыру, жасанды интеллектті қолдану. 

Иә, бүгінде еңбекті қорғау процестерін цифрландыру – бұл шынайылықтың заманауи сынағы.

Біз SK Ondeu-де жұмыскерлерге еңбек және қоршаған орта қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелеріне белсенді қатысуға мүмкіндік беретін жедел іс-қимыл құралы – цифрлық платформаны енгізетін боламыз.

Біздің шешіміміз барлық жерде бақылауларды тіркеуге мүмкіндік береді, фотосуреттер мен бейнематериалдарды қоса беруге мүмкіндік бар, сондай-ақ өндірістік қауіпсіздік саласындағы барлық ескертулерді жинауды, беруді, өңдеуді және одан әрі жоюды автоматтандыруға мүмкіндік береді, осылайша компаниялар тобының құрылымдық бөлімшелері арасында деректер алмасуды жеделдетеді.

Бір жүйеде ықтимал қауіпті әрекеттерді, жағдайларды, сондай-ақ бұзушылықтарды тіркеу өндірістік қауіпсіздік жөніндегі мамандардың жұмысын сапалы етуге, жұмыс орындарында тәуекелдерді митигациялау үшін уақтылы шаралар қабылдауға, ең құндысы – біздің жұмыскерлеріміздің өмірі мен денсаулығын сақтауға көмектеседі».

Тізімге оралу