news picture

«Samruk – Kazyna Ondeu» ЖШС HSE бойынша алғашқы Форумды өткізді

2022 жылғы 20 желтоқсанда «Samruk – Kazyna Ondeu» ЖШС-ның HSE бойынша алғашқы Форумы өтті. Форум еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау (бұдан әрі – ЕҚжЕҚ) саласындағы озық тәжірибелермен, тәжірибе алмасу үшін тиімді алаң құру, жұмыстарды қауіпсіз ұйымдастыру қағидаттарына бейілділігін көрсету және ЕҚжЕҚ саласындағы SK Ondeu компаниялар тобы басшылығының дербес міндеттемелеріне қол қою мақсатында ұйымдастырылды.

Форумға қатысушыларға «Самұрық-Қазына» АҚ Қоғаммен байланыс, әлеуметтік-еңбек қатынастары және еңбекті қорғау жөніндегі басқарушы директоры Г.К. Ауғанов, «SK Ondeu» ЖШС-ның Басқарма төрағасы М.Н. Шералы және Халықаралық кәсіптік тәуекелдерді болдырмау қорының (The International ORP Foundation) президенті, Vision Zero нөлдік жарақаттану тұжырымдамасының жаһандық елшісі Ханс-Хорст Конколевский мырза  сөз сөйледі.

Форум барысында «Самұрық-Қазына» компаниялары тобында Health&Safety басқару жүйесін дамыту, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның HSE саласындағы бастамалары, Vision Zero халықаралық нөлдік жарақат тұжырымдамасының 7 алтын ережесі және ESG негіздері сияқты қызықты және өзекті тақырыптар қамтылды.

Сонымен қатар ағымдағы жылдың 11 айының қорытындысы бойынша SK Ondeu еншілес және тәуелді ұйымдарының (бұдан әрі – ЕТҰ) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі есептері тыңдалды.

Форум аясында SK Ondeu компаниялар тобының топ-менеджерлері ЕҚжЕҚ саласындағы дербес міндеттемелерге қол қойды, олар жұмыскерлердің нөлдік жарақаттануына қол жеткізу мақсатында процестерді енгізуді және салааралық табысты тәжірибелерді таратуды көздейді. Сондай-ақ, HSE дамуына қосқан үлесі үшін жұмыскерлерді, ЕТҰ арасындағы «Еңбек және қоршаған ортаны қорғау саласындағы үздік инновациялық идеялар мен тәжірибелер» байқауының финалистерін марапаттау рәсімі өтті.

Тізімге оралу