news picture

«Samruk-Kazyna Ondeu» ЖШС-ның 2023-2032 жылдарға арналған даму стратегиясы жарияланды.

2022 жылдың қараша айында Атырау қаласында жыл сайын ірі жобаларда қазақстандық қамтуды ұлғайту бойынша өз жұмыстарын көрсететін ірі операторларды жинайтын «ҚАЗМҰНАГАЗСЕРВИС-2022» 10-шы конференциясы өтті. Биылғы жылы қатысушылар арасында белсенді талқыланған химиялық және газ жобаларын дамыту мәселелері өзекті болып отыр.

«Біздің ойымызша, бүгінгі таңда Атырау облысындағы газ-химия жобалары бизнес үшін перспективалы бағыт болып табылады, сондықтан биылғы жылы «QazaqGaz» ҰК» АҚ және «Samruk-Kazyna Ondeu» ЖШС спикерлер ретінде шақырылды», - деді Төралқа төрағасы Рашид Хасенұлы Жақсылықов құттықтау сөзінде.

«Samruk-Kazyna Ondeu» ЖШС-ның Басқарма төрағасы Мейір Нұртайұлы Шералы панельдік сессияға қатысып, Компанияның 2023-2032 жылдарға арналған даму стратегиясы, Қазақстанның химия саласын дамытудың жаңа бағыттары мен басымдықтары туралы айтты.

Ағымдағы жылдың қазан айында бекітілген жаңа Стратегияға сәйкес агроөнеркәсіптік кешенге арналған өнімдерді, мұнай-химия тобының өнімдерін (базалық органикалық химия), арнайы химия өнімдерін (базалық бейорганикалық химия) өндіру жөніндегі жобаларды іске асыру және «жасыл химия» саласындағы жобаларды іске асыру дамудың басым бағыттары болып табылады.

«Жоғарыда аталған бағыттарды іске асыру үшін Samruk-Kazyna Ondeu өзі үшін дамудың төрт негізгі бағытын анықтады. Құзыреттер мен технологияларды тарту, экспорттық нарықтарға қол жеткізу және қаржылық тәуекелдердің бір бөлігін бөлу үшін инвесторлармен серіктестік. Одан әрі қайта бөлуді дамытуды ынталандыру үшін ШОБ-пен әріптестікті дамыту. Ғылым мен адами капиталды дамыту және ESG-трансформациясы», - деді Мейір Нұртайұлы.

Тізімге оралу