news picture

Samruk-Kazyna Ondeu алғашқы Compliance & Security Forum-ға қатысты

26 қыркүйекте өткен National Compliance Officer Day-дің қарсаңында Комплаенс және іскерлік этика қауымдастығының шақыруымен Samruk-Kazyna Ondeu және ЕТҰ-лардың комплаенс қызметі комплаенс мамандарына арналған бірінші Compliance & Security Forum-ға қатысты.

Форумға 300 қатысушы қатысып, комплаенс саласындағы ең өзекті тақырыптар бойынша 4 пленарлық сессия өткізілді.  Samruk-Kazyna Ondeu-дің комплаенс-офицері Марина Туғанбаева форумның екінші күнінің спикерлерінің бірі болды және Қазақстандағы комплаенс институтының дамуына қосқан үлесі үшін қауымдастықтан алғыс хат алды.

Samruk-Kazyna Ondeu қызметкерлерін комплаенс оқыту

29-30 қыркүйекте Samruk-Kazyna Ondeu-дің қызметкерлері үшін «Жалдау мен еңбектің тең шарттары: харассментке жол бермеу» тақырыбы бойынша комплаенс оқу өткізілді. Оқудың нәтижесінде қызметкерлердің комплаенс саласындағы білімі тереңдей түседі, ал қабылданған Іскерлік этика кодексіне деген міндеттеме одан әрі нығая түседі деп үміттенеміз. Естеріңізге сала кетейік, біздің ұйымда кез келген түрдегі сипаттың көрінісіне 0 төзімділік бар.

Тізімге оралу