news picture

«SSAP» ЖШС-ның әлеуметтік тұрақтылығы қолайлы аймақта

Әлеуметтік өзара ықпалдастық және коммуникация орталығы (ӘӨКО) жүргізетін өндірістік персонал арасындағы өзекті әлеуметтік зерттеудің қорытындысы бойынша «SSAP» ЖШС әлеуметтік тұрақтылық индексін (Samruk Research Services) жақсартқан және зерттелетін көрсеткіштер бойынша қолайлы аймақта:

- Басшылық пен бағыныштылар арасындағы қарым-қатынас деңгейін және наразылық әлеуетінің деңгейін өлшейтін әлеуметтік тыныштық индексі 5%-ға ұлғайып, 95% болды (қолайлы аймақ).

- Тарту индексі (жұмыскерлердің еңбек жағдайлары мен қауіпсіздігіне қанағаттану деңгейі, жұмыскерлердің бейілділігі) 4%-ға артып, 82%-ды құрады (қолайлы аймақ).

- Әлеуметтік әл-ауқат индексі (жұмыскерлердің өмір сүру жағдайлары мен сапасына, материалдық әл-ауқатқа қанағаттану деңгейі, сондай-ақ әріптестермен өзара қарым-қатынас деңгейі) де 6%-ға ұлғайып, қолайлы аймақта орналасқан.

Анықтама:

«SSAP» ЖШС 2008 жылғы 04 тамызда құрылған, «Samruk-Kazyna-Ondeu» ЖШС (90,11%) және «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК АҚ-ның (9,89%) еншілес компаниясы. «SSAP» ЖШС өндірістік қуаты жылына 93% тауарлық күкірт қышқылы 194 мың тонна күкірт қышқылы зауытын реконструкциялау жөніндегі жобаның операторы. Жұмыскерлердің жалпы саны 214 адам, оның ішінде өндірістік персонал – 190 адам.

Тізімге оралу