top bg pages

Жаңалықтар

news picture

«Samruk-Kazyna Ondeu» ЖШС Басқармасының төрағасы М. Шералы «SSAP» ЖШС-ның күкірт қышқылы зауытына барды

2022 жылғы 3 тамызда «Samruk-Kazyna Ondeu» ЖШС Басқармасының төрағасы Мейір Нұртайұлы Шералы Степногорск қаласына барған жұмыс сапары аясында «SSAP» ЖШС-ның (SK-Ondeu-дің еншілес компаниясы) күкірт қышқылы зауытына барды.

«SSAP» ЖШС – жылына 93% тауарлық күкірт қышқылын өндіретін өндірістік қуаты 194 мың тонна күкірт қышқылы зауытын реконструкциялау жөніндегі жобаның операторы. Өндірілген күкірт қышқылының 76%-ы «Қазатомөнеркәсіп» АҚ-ның стратегиялық әріптесіне уран өндіру үшін жеткізіледі, 24%-ы химия өнеркәсібінде, металлургияда, минералды тыңайтқыштар өндірісінде және т.б. пайдаланылады.

Өндірістің процесімен танысу аясында М. Шералы қызметтің қаржылық ашықтығы мен тиімділігі, оның ішінде тұтынушылармен күкірт қышқылын жеткізуге (стратегиялық әріптеске жеткізуден басқа) тікелей келісімшарттар жасасу арқылы өнімді өткізу кезінде пайданы арттыру қажеттілігі туралы мәселелерге баса назар аударды. Сонымен қатар жұмыскерлердің еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды қамтамасыз ету, экологиялық қауіпсіздік, сатып алу рәсімдерінің ашықтығы мәселелері және басқа да мәселелер назардан тыс қалған жоқ.

Кездесудің қорытындысында жұмыс тобы зауыттың өндірістік қызметін жақсарту бойынша ұсыныстарын айтты, сондай-ақ өндірісті кеңейтудің алдағы жоспарлары қаралды.

Тізімге оралу