top bg pages

Тұрақты даму қағидаттары

АШЫҚТЫҚ

Біз кездесулерге, талқылауларға және диалогқа дайынбыз. Біз мүдделі тараптармен өзара мүдделерді ескеруге, Компания мүдделері мен мүдделі тараптар арасындағы құқықтар мен балансты сақтауға негізделген ұзақ мерзімді ынтымақтастық орнатуға ұмтыламыз.

ЕСЕП БЕРУШІЛІК

Біз экономикаға, қоршаған ортаға және қоғамға өз әсеріміз үшін есеп берушілігімізді сезінеміз. Біз акционерлер мен инвесторлар алдындағы ұзақ мерзімді құнның өсуі және Серіктестік пен еншілес ұйымдардың ұзақ мерзімді кезеңде орнықты дамуы үшін өзіміздің жауапкершілігімізді сезінеміз. Біз ресурстарға (энергияны, шикізатты, суды қоса алғанда) ұқыпты қарау, шығарындыларды, қалдықтарды дәйекті түрде азайту және өнімділігі жоғары, энергия және ресурс үнемдейтін технологияларды енгізу арқылы өз қызметіміздің қоршаған орта мен қоғамға теріс әсерін азайтуға ұмтыламыз. Біз мемлекеттік бюджетке салықтарды және заңнамада көзделген өзге де алымдарды төлейміз. Біз өзіміздің даму стратегиямыз бен мүмкіндіктеріміз шеңберінде жұмыс орындарын сақтап қаламыз және оларды құрамыз. Біз өз Стратегиямыздың шеңберінде және қолдағы бар қаржылық мүмкіндіктер шегінде қызметімізді жүзеге асыратын жергілікті жердің дамуына жәрдемдесуге ұмтыламыз. Біз лауазымды тұлғаларға, жұмыскерлерге қатысты  әр деңгейде ойластырылған және ақылға қонымды шешімдер қабылдаймыз. Біз ресурстарды ұқыпты және жауапты пайдалануға, еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған инновациялық технологияларды енгізуге ұмтыламыз. Біздің өнімдеріміз, тауарларымыз бен қызметтеріміз заңнамада белгіленген тұтынушылардың денсаулығы мен қауіпсіздігі стандарттарына сәйкес келуі және тиісті сапада болуы керек. Біз өз клиенттерімізді бағалаймыз.

АЙҚЫНДЫЛЫҚ

Біздің шешімдеріміз бен іс-әрекеттеріміз мүдделі тараптар үшін айқын және ашық болуы тиіс. Біз құпия ақпаратты қорғау жөніндегі нормаларды ескере отырып, заңнамада және біздің құжаттарымызда көзделген ақпаратты уақтылы ашамыз.

ӘДЕПТІ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚ

Құрмет, адалдық, ашықтық, командалық рух, сенім және әділдік сияқты құндылықтарымыз біздің шешімдеріміз бен іс-әрекеттеріміздің негізі болып табылады.

ҚҰРМЕТ

Біз заңнамадан, жасалған шарттардан туындайтын немесе ортақ іскерлік өзара қарым-қатынастар шеңберінде мүдделі тараптардың құқықтары мен мүдделерін құрметтейміз.

ЗАҢДЫЛЫҚ

Біздің шешімдеріміз, әрекеттеріміз бен мінез-құлқымыз Қазақстан Республикасының заңнамасына және Компанияның басқару органдарының шешімдеріне сәйкес келеді.

АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫН САҚТАУ

Біз Қазақстан Республикасының Конституциясында және Адам құқықтары туралы жалпыға бірдей декларация сияқты халықаралық құжаттарда көзделген адам құқықтарын сақтаймыз және олардың сақталуына ықпал етеміз. Біз балалар еңбегін пайдалануға мүлдем жол бермейміз және тыйым саламыз. Біздің жұмыскерлер – біздің басты құндылығымыз және негізгі ресурсымыз, біздің қызметіміздің нәтижелері мен инвесторлар үшін жасалатын құн олардың кәсібилігі мен қауіпсіздігі деңгейіне тікелей байланысты. Сондықтан біз еңбек нарығынан кәсіби кандидаттарды ашық және айқындылық негізде тартамыз және өз жұмыскерлерімізді меритократия қағидаты негізінде дамытамыз. Жұмыскерлеріміздің қауіпсіздігін және еңбектің қорғалуын қамтамасыз етеміз. Сауықтыру бағдарламаларын жүргіземіз және жұмыскерлерге әлеуметтік қолдау көрсетеміз. Жұмыскерлерді ынталандыру мен дамытудың тиімді жүйесін құрамыз. Корпоративтік мәдениетті дамытамыз.

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ТӨЗБЕУШІЛІК

Сыбайлас жемқорлық біздің ұйымдар біздің акционерлеріміз, инвесторларымыз, өзге де мүдделі тараптар және жалпы қоғам үшін құратын құнды бұзады. Біз барлық мүдделі тараптармен өзара іс-қимылда сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне төзбеушілікті жариялаймыз. Сыбайлас жемқорлық істеріне тартылған лауазымды адамдар мен жұмыскерлер заңдарда көзделген тәртіппен жұмыстан шығарылуы және жауаптылыққа тартылуы тиіс. Компания мен еншілес ұйымдардағы ішкі бақылау жүйелері, оның ішінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды болдырмауға, болғызбауға және анықтауға бағытталған шараларды қамтуға тиіс. Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте олардың хабардар болуын арттыру үшін мүдделі тараптармен диалогты дамытамыз.

МҮДДЕЛЕР ҚАҚТЫҒЫСЫНА ЖОЛ БЕРМЕУ

Мүдделер қақтығысына байланысты елеулі бұзушылықтар Компанияның, еншілес ұйымдардың беделіне нұқсан келтіруі және акционерлер мен өзге де мүдделі тараптар тарапынан оларға деген сенімге нұқсан келтіруі мүмкін. Лауазымды адамның немесе жұмыскердің жеке мүдделері олардың лауазымдық, функционалдық міндеттерін бейтарап орындауына ықпал етпеуі тиіс. Серіктестіктермен қарым-қатынастарда Серіктестік және еншілес ұйымдар фидуциарлық қатынастар орнатуға және сақтауға сене отырып, тараптар бір-біріне қатысты барынша адал, әділ әрекет етуге міндетті, мүдделер қақтығысының алдын алу, анықтау және болдырмау шараларын қабылдайды.

ЖЕКЕ ҮЛГІ

Әрқайсымыз күнделікті өз іс-әрекетімізде, мінез-құлқымызда және шешімдер қабылдау кезінде тұрақты даму қағидаттарын енгізуге ықпал етеміз. Басқарушылық позицияларды атқаратын лауазымды адамдар мен жұмыскерлер өзінің жеке үлгісімен орнықты даму қағидаттарын енгізуге ынталандыруы тиіс.