top bg pages

Жаңалықтар

news picture

2021 жылғы 13 тамызда “Біріккен химиялық компания” ЖШС (бұдан әрі – Компания) жұмыскерлері Ақкөл қаласындағы №1 балалар үйінің балаларына қайырымдылық көмек көрсетті.

Бұған дейін Компанияға «Мир и капелька любви» ҚҚ-дан ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп керек-жарақтары мен бірінші кезектегі қажетті тауарларды сатып алуға көмек көрсету туралы өтініш білдірілген хат келіп түскен. Біз жұмыскерлердің жалпы күш салуымен 277 800 теңге жинадық, сондай-ақ әріптестеріміз өз есебінен сатып алынған рюкзактар, кеңсе тауарларын және т.б. әкелді. Жиналған ақшаға біз кеңсе тауарларын, тұрмыстық химия заттарын сатып алып, балалар үйіне барып, балалардың қалай өмір сүретінін өз көзімізбен көруді жөн көрдік.

Балалар бізді үлкен қуанышпен қарсы алды, апарған сөмкелер мен заттарды кіргізуге белсенді көмектесті. Сондай-ақ бізді балалар үйінің басшысы Ботагөз Әбдірахманқызы Қазбекова қарсы алды.

«Қазір балалар үйінде 113 бала тұрады, ал жалпы үй 140 балаға есептелген. Балалар үшін жақсы жағдайлар жасалған – бөлмеде екі бала тұрады, әр қабатта бір отбасы орналасқан («балалар топтары осылай аталады» – автордың ескертпесі), жаттығу залы, балет мектебі, сұлулық салоны, аяқ киімді кептіруге арналған жеке бөлме бар, далада үлкен спорт алаңы салынған. Біз жақсы өмір сүріп жатырмыз, барлығы жеткілікті, мемлекет пен қоғамдық қор көмектеседі», – деді Ботагөз Әбдірахманқызы.

Келесі жолы не алғысы келетіні жөніндегі сұраққа балалар: «Тәттілер мен жұмсақ ойыншықтар, әсіресе аюлар керек», – деген қарапайым жауап қайтарды.

Ботагөз Әбдірахманқызы Компаниямыздың басшылығы мен ұжымына көмек пен көңіл бөлгені үшін шынайы алғысын білдірді.

Тізімге оралу