top bg pages

Жаңалықтар

news picture

ДАМУ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ БОЙЫНША «БІРІККЕН ХИМИЯЛЫҚ КОМПАНИЯ» ЖШС-ның II АҚПАРАТТЫҚ СЕССИЯСЫ

2021 жылғы 29 маусымда «БХК: ҚАЙТА ЖҮКТЕУ – 2021» жобасының аясында «Біріккен химиялық компания» ЖШС-ның (бұдан әрі – БХК) даму перспективалары бойынша II ақпараттық сессия өтті.

Аталған ақпараттық сессия сұрақтар мен идеяларды ашық талқылау алаңын қалыптастыру, химия саласының болашағын және ондағы БХК-ның рөлін құру мақсатында ұйымдастырылды. Бұған дейін ұқсас іс-шара өткізілген еді және біз мүдделі тараптар арасында осы алаңға қызығушылық айтарлықтай өскенін байқадық. Көптеген қатысушылар көтерілген тақырыптардың ел үшін маңызды екенін атап өтті.

Ақпараттық сессияға БХК-ның Жалғыз қатысушысы – «Самұрық-Қазына» АҚ, Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі, «Қазақстан химия өнеркәсібі одағы» ЗТБ, «Қазақстандық индустрияны дамыту институты» АҚ («QazIndustry»), PricewaterhouseCoopers, «Қазақстан Республикасының химиктер одағы» ЗТБ, «QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ өкілдері, сондай-ақ БХК-ның және еншілес компаниялардың («SSAP» ЖШС, «Полимер Продакшн» ЖШС, «ХИМ-плюс» ЖШС, «Тараз Химпарк АЭА» АҚ) қызметкерлері белсенді қатысты.

Ақпараттық сессия аясында Қазақстан Республикасындағы химия өнеркәсібінің жағдайы туралы презентация көрсетілді. Өкінішке орай, көрші елдердің тәжірибесімен салыстырғанда, Қазақстан көптеген көрсеткіштер бойынша артта қалып отыр.

Қатысушылармен белсенді келіссөздер барысында мұнай-газ химиясы өндірісін әртараптандыру, сондай-ақ агрохимиядағы отандық өндірістің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мәселелері бойынша мемлекеттік органдар, бейінді үкіметтік емес ұйымдар және басқа да мүдделі тараптар арасында тиімді өзара әрекеттесудің қажеттілігі туралы негізгі қорытынды жасалды.

Тізімге оралу