top bg pages

Жаңалықтар

news picture

БІРІККЕН ХИМИЯЛЫҚ КОМПАНИЯ: ҚАЙТА ЖҮКТЕУ – 2021

2021 жылғы 8 маусымда «Біріккен химиялық компания» ЖШС-ның (бұдан әрі – БХК) даму перспективалары бойынша ақпараттық сессия өтті, ол жоспарланып отырған бизнесті трансформациялау және БХК-ның ұзақ мерзімді даму стратегиясын жаңарту шеңберінде ұйымдастырылды.

Ақпараттық сессияға қатысушылардың арасында БХК мен еншілес компаниялардың («SSAP» ЖШС, «Полимер Продакшн» ЖШС, «ХИМ-плюс» ЖШС, «Тараз Химпарк АЭА» АҚ) қызметкерлері және шақырылған тұлғалардан БХК-ның Жалғыз қатысушысы – «Самұрық-Қазына» АҚ, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі, «Қазақстан химия өнеркәсібі одағы» ЗТБ және «Қазақстан инжиниринг» ұлттық компаниясы» АҚ өкілдері болды.

Көпжақты кездесуде спикерлер «Қазхимөнеркәсіптің даму бағыттары», «Жаһандық химиялық нарық. Әлемдік саладағы үрдістер», «Көрші мемлекеттердің химия өнеркәсібі және даму ерекшеліктері» тақырыптарын сөз етті, ал еншілес ұйымдардың басшылары «БХК-ны дамыту жөніндегі ұсыныстар» мен «БХК-ның даму стратегиясына арналған техникалық тапсырманың құрылымы» тақырыбын қозғады.

Ақпараттық сессия шеңберінде қатысушылармен белсенді келіссөздер жүргізілді, олардың барысында Қазақстанда химиялық өндірісті дамыту қажеттілігі туралы, осы процесте БХК-ның басты рөлін айқындау және трансформацияның барлық кезеңдерін Жалғыз қатысушымен, мемлекеттік органдармен және өзге де мүдделі тараптармен келісу туралы негізгі тұжырым жасалды.

Тізімге оралу