news picture

Қалдықтан өнімге: Қор кәсіпорындарындағы waste to product әлеуетін зерделеу

Waste to product тұжырымдамасы өндірістік қалдықтарға деген дәстүрлі көзқарасты өзгертіп, оларды жаңа өнімдер мен шешімдердің көзіне айналдырады. ⠀ Осы бағыт аясында SK Ondeu компаниясы EPSE Oy компаниясымен бірлесіп бірқатар жұмыс кездесулері мен өндірістік алаңдарға іссапарлар ұйымдастырды. Делегация «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ өкілдерімен бірге «Хорасан-2» кенішіне («Baiken-U» ЖШС), «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ өкілдерімен бірге «Тау-Кен Алтын» ЖШС аффинаж зауытына барды, сондай-ақ Екібастұз ГРЭС-1 нысанына барып, күл-қож үйінділерін қарады. ⠀ Сапарлар барысында EPSE технологияларын өндірістік қалдықтарды қайта өңдеу, ағынды суларды тазарту және сирек металдарды қоса алғанда, құнды компоненттерді алу тұрғысынан қолдану мүмкіндігі бағаланды. Келесі кезең — ұсынылған шешімдердің технологиялық және экономикалық тиімділігін растау үшін пилоттық сынақтарды пысықтау. ⠀ Мұндай бастамалар ESG күн тәртібін тікелей қолдайды: экологиялық жүктемені төмендетуге, ресурстық тиімділікті арттыруға ықпал етеді және жаңа экономикалық мүмкіндіктер ашады.
Тізімге оралу