Ғылым мен индустрия өзара іс-қимылының жаңа тәсілдері
«SK Ondeu» ЖШС-нің ғылым жөніндегі басшысы Шарипова Алтынай Назарбаев Университетінде өткен NU SEDS 2-ші жыл сайынғы ғылыми конференциясы аясында «Bridging the Gap: Industry–Academia Collaboration in Chemical and Materials Engineering in Central Asia» панельдік сессиясында спикер ретінде сөз сөйледі.
Пікірталас барысында қатысушылар университеттер мен индустрия арасындағы өзара іс-қимылды күшейту арқылы R&D-ті дамыту мәселелерін, ғылыми инфрақұрылымды тиімді пайдалану жолдарын, сондай-ақ заманауи инженерлерге қойылатын талаптарды — берік техникалық дайындықтан бастап дамыған «soft» дағдылар мен цифрлық құзыреттерге дейін — талқылады. Сонымен қатар, жаңа материалдар мен жасанды интеллект қолданылатын технологияларды қоса алғанда, озық шешімдерді енгізуге саланың дайындық деңгейіне ерекше назар аударылды.