news picture

SK Ondeu тұлғалары – Турланов Бекнур

Кез келген өндірістік кәсіпорынның сенімді жұмысының негізінде өндірістік үдерістердің тұрақтылығы мен басқарылуын қамтамасыз ете алатын мамандардың кәсібилігі жатыр. Бекнур — өз еңбегі арқылы осы нәтижеге тікелей ықпал ететін маман. Турланов Бекнур еңбек жолын 2019 жылы қазандық-турбиналық цехтың машинист-обходшысы лауазымынан бастады. Алғашқы күндерден бастап іске қосу-баптау жұмыстарына қатысып, өндірісте маңызды тәжірибе жинақтады. Кейін энергоблок машинисі ретінде жоғары жауапкершілік жағдайында тиімді жұмыс істей алатын сенімді, тәртіпті маман ретінде өзін көрсетті. Қазіргі уақытта Бекнур Механика департаментінің механо-технологиялық жабдықтар жөніндегі жетекші инженері болып табылады. Ол жөндеу жұмыстарын жоспарлауға және жабдықтардың тұрақты жұмысын қамтамасыз етуге жауап береді, өндірістік үдерістің үздіксіздігін қамтамасыз етеді. Ұжымда оны дәлдігі, сабырлылығы және сенімділігі үшін бағалайды. Оның екі жоғары білімі бар: технологиялық машиналар және энергетика салалары бойынша. Оның кәсіби қызметінің негізінде — өз ісіне деген жауапкершілік жатыр.
Тізімге оралу