news picture

Жасанды интеллект жылы

Жасанды интеллект жылы: сала мамандары жайлы айтамыз Елімізде 2026 жыл - жасанды интеллект жылы. Осыған орай, «Самұрық-Қазына» АҚ цифрлық өзгерістердің алдыңғы қатарында жүрген мамандар туралы «JASAMPAZ» атты жаңа айдарды іске қосады. Шығарылымдарда жаңа технологиялар туралы емес, бүгінде компаниялар, салалар мен жұмыс тәсілдерін өзгертуге ықпал етіп жүрген адамдардың нақты оқиғалары баяндалады. Алғашқы кейіпкеріміз — Евгений Петровский. Ол SK Ondeu компаниясында 2010 жылдан бері жұмыс істейді. Ақпараттық жүйелерді қолдаудан бастаған Евгений бүгінде цифрландыру жобаларын, соның ішінде жасанды интеллект қолданылатын шешімдерді енгізумен айналысады. Негізгі жобаларының бірі — SSAP Степногорск күкірт қышқылы зауытындағы «Цифрлық егізі» жүйесі. Сонымен қатар, ол ақпараттық қауіпсіздікке де жауап береді. Сұхбатта Евгений технологиялар мен жасанды интеллектінің өнеркәсіпте қалай қолданылып жүргенін және болашақта емес, қазірден-ақ тиімділігін көрсетіп жатқан цифрлық трансформация жайлы айтып берді.
Тізімге оралу