news picture

Махаббат Искакова

Дәйексөз: «Ең бастысы – өзің бақытты болу, сонда сенің айналаңдағы барлық адамдар бақытты болады».

Бүгінгі мақала біздің Компанияның басты белсендісі – тамаша жұмыс істеуге, қоғамдық іс-шараларға қатысуға, спортпен шұғылдануға, тәттілерді пісіруге және керемет жар мен ана болуға шеберлікпен үлгеріп жүретін Махаббат Искаковаға арналған. Махаббат «Самұрық-Қазына» АҚ-ның Еріктілер штабының мүшесі, «Жеңіс», «BIZBIRGEMIZ» жобасының қатысушысы болып табылады.

«Ерікті болу мен үшін не? Бұл ең алдымен адамдарға өз мүмкіндігіңе қарай ақысыз көмек беру. Қазақстанда 2020 жыл «Еріктілер жылы» деп жарияланды, бұл бағытқа мемлекеттік деңгейде қолдау көрсетілетіні қуантады. Жылдың аяқталуына қарай бұл қозғалыс түртіп қою мен есеп берулер үшін жасалмай, тек қана дамып отырады деп үміттенемін» – деп Махаббат бізбен бөліседі.

Соңғы жылы осы бағытты дамыту мақсатында Махаббат төтенше жағдай кезінде BIZBIRGEMIZ жобасының аясында халықтың әлеуметтік осал топтары үшін азық-түлік себеттерін таратып беру, жалғызбасты зейнеткерлерге азық-түлік жеткізіп беру бойынша рейдтерге қатысып, мұқтаж адамдарға заттар мен ойыншықтар жинау бойынша науқан ұйымдастырды.

Махаббат өз еңбек жолын «Біріккен химиялық компания» ЖШС-де 7 жылдан астам бұрын, 2013 жылы кеңсе қызметкері лауазымынан бастады, ал 2014 жылы Қызметкерлерді, әкімшілік-шаруашылық қызметті басқару бойынша департаменттің менеджері лауазымына ауыстырылды. Махаббаттың жұмыс процесі әкімшілік-шаруашылық қызметті, кадрлық іс-қағаздарды жүргізуді, қызметкерлерді дамытуды, жаңа қызметкерлерді бейімдеуді және HR бағытындағы басқа да мәселелерді жетекшілік етуден тұрады.

Сондай-ақ Махаббат «Жас-Өркен» жобасының мәселелеріне жетекшілік жасайды. Бұл жоба қандай мақсатпен іске асырылады деген сұраққа, Махаббат былай деп жауап береді: «Жас-Өркен» жобасы – бұл жас мамандарды дамыту бағдарламасы, ол өз алдына «Самұрық-Қазына» Қорының компанияларына кейіннен жұмысқа орналасу үшін ең озат және дарынды түлектерді тарту мен дайындау мақсатын қояды. Алайда бұл компаниядағы нақты лауазымға жұмыс орнында үйрету емес, белсенді азаматтық ұстанымы мен кең кәсіби ой-өрісі бар жаңа ұрпақ басқарушыларын қалыптастыру мен дамытудың құралы».

Карантин кезеңінде Махаббат өзі үшін «SamrukQyzmet» кәсіби Рекруттердің онлайн-мектебінде қашықтықтан оқуды ашты, HR саласындағы әртүрлі вебинарлардың курсын өтті және «SoftSkills» мектебінің шешендік шеберлік бойынша 21-күндік курсты аяқтады.

«Шешендік шеберлікке үйрене отырып, мен өзімнің мықты жақтарымды түсіндім және қай жағымнан әлі де жұмыс істеу керектігін білдім. Онлайн-оқыту пішімі мен үшін карантин кезеңінде жаңалық болды, бұл ыңғайлы, заманға сай, көп уақыт пен ақшаны үнемдейді».

Махаббат жұбайымен бірге екі керемет қыз тәрбиелеп отыр. Оның сүйікті хоббиі кондитерлік өнер әлемі болып табылады.

«Тәттілердің барлық мүмкін түрлерін пісіруді мен мектепте әлдеқашан бастағанмын, бірақ мұнымен шындап нақты декреттік демалыс кезінде айналыстым. Қандай-да бір мағында бұл мен үшін жұбаныш болды, торттарды, піспенандарды дайындау, безендіру процесінде мен өзіме кіріп кеткендей боламын, уақытты, шаршауды сезінбеймін, тек қана процесс және мен. Әлдебір кезеңде мен тапсырыс бойынша пісірдім, бірақ жұмысқа шығуыма байланысты бұған уақыт жетпейді. Менің бір арманым бар – кез келген адам келіп, жылы және жайлы атмосферада жаңа піскен нанмен кофе немесе шай іше алатын шағын кондитерлік кафе ашу».

Біздің Компания «Жыл адамы» науқанын оқырмандар өздерінің кейіпкерлерін жүзінен тану үшін іске қосады. Достар, «БХК» ЖШС-нің веб-сайтында және Фэйсбукте дауыс берейік! Қорытындыларын әр айда, тоқсанда, сондай-ақ жылдың соңында шығарамыз! #БХК-ныңжыладамы

Тізімге оралу