news picture

Рустам Есенбеков

«Кез келген өмірлік жағдайда әрқашан адам болып қала беру керек» осындай өмірлік ұстанымы бар Рустам Есенбеков сегіз жылдан астам уақыт бойы «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобын дамыту игілігіне еңбек сіңіруде.

Ол «Самұрық-Энерго» АҚ компаниясында аудитор лауазымынан бастады, содан кейін ол Ішкі аудит қызметінің бас аудиторы болып көтермеленді. Ал 2018 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін ол «Біріккен химиялық компания» ЖШС-нің Тексеру комиссиясының Төрағасы болып табылады, Компанияның және оның еншілес ұйымдарының ішкі бақылау, тәуекелдерді басқару және корпоративтік басқару жүйелерінің сенімділігі мен тиімділігіне баға берумен айналысады.

Рустам сонымен қатар тақырыптық аудиторлық тексерулерді ұйымдастыруды және өткізуді жүзеге асырады, Компаниямен және оның еншілес ұйымдарымен Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауын бағалаумен, осы талаптарға сәйкестігін қамтамасыз ету құрылған және қолданылатын жүйелер мен рәсімдердің барабарлығын бағалаумен, ресурстарды пайдаланудың ұтымдылығы мен тиімділігін, активтердің сақтамдылығын қамтамасыз етудің қолданылатын әдістерін/тәсілдерін бағалаумен айналысады, Компанияның Тексеру комиссиясының қызметін басқарады және ұйымдастырады.

Өз қызметін үйлестіре отырып, ол аудит шеңберінде Компания тобындағы маңызды бизнес-процестерге (өндіріс, өткізу, сатып алу және т.б.) баға берді және талдау жасады. Осы қызметтің нәтижелері бойынша Рустам кейіннен Компанияның және оның еншілес ұйымдарының бизнес-процестеріне енгізілетін тәуекелдерді басқару, ішкі бақылау және корпоративтік басқару жүйелерін жетілдіруге бағытталған ұсынымдар шығарады, бұл қорытындысында олардың қызметінің тиімділігін арттыруға әкеледі.

Рустам үнемі дамып келеді және қазіргі уақытта ішкі аудит бойынша оқудан өтуде.

Рустам табиғатты жақсы көреді және бос уақытында балық аулаумен ынталана айналысады, әсіресе тау шаңғымен рақаттанып сырғанап түсетын тау шыңдарын жақсы көреді.

Біздің Компания «Жыл адамы» науқанын оқырмандар өздерінің кейіпкерлерін «жүзінен» тану үшін іске қосады. Достар, «БХК» ЖШС-да және Фейсбукте дауыс берейік! Қорытындыларын әр айда, тоқсанда, сондай-ақ жылдың соңында шығарамыз! #БХК-ныңжыладамы

Тізімге оралу