news picture

«Самұрық-Қазына» АҚ жұмысшы мамандықтары жылының жабылуы

Қорытынды кездесу өндірістік мамандық өкілдерін, сарапшыларды және өзгерістер көшбасшыларын біріктіріп, жұмысшы мамандықтарының салалардың орнықты дамуы мен технологиялық ілгерілеуінің негізі ретіндегі жүйелі маңызын айқындады.

Пленарлық отырыс аясында еңбек нарығын трансформациялаудың негізгі бағыттары қарастырылды. Атап айтқанда, жасанды интеллектті енгізу жағдайында еңбек қатынастарын өзгерту, өндірістік бағдарланған кадр даярлауды дамыту мәселелері талқыланып, Жұмысшы мамандықтары жылының қорытындылары шығарылды.

SK Ondeu Топ компанияларының қызметкерлері аталған іс-шараға белсенді қатысты. Атап айтқанда, 7 Qadam Pro бағдарламасы аясында «KUS» ЖШС тазарту құрылыстары учаскесінің сорғы қондырғыларының машинисі Каримов Аманат «Ағынды сулардағы кремний тотығын төмендету» жобасын әзірлегені үшін марапатталды. Аталған жоба үздік жеті жобаның қатарына енді.

Сондай-ақ «KUS» ЖШС электр жабдықтарын жөндеу және қызмет көрсету жөніндегі электрмонтері Жұмағалиев Бағытжан «Цифрлық электрмонтер. Энергетика мен қызмет көрсетудегі жаңа дәуір» атты жобасын таныстырды.

Ішкі конкурстардың финалистері — «KUS» ЖШС бас технолог қызметінің инженер-биологы Жабасова Гүлдана және «SSAP» ЖШС техникалық талдау зертханашысы Шовкань Оксана кәсіби міндеттерді шешуге арналған цифрлық құзыреттерді дамыту мен ЖИ-көмекшілерді әзірлеуге бағытталған мамандандырылған оқытуға қатысты.

 photo_2025-12-19_18-37-05.jpgphoto_2025-12-19_18-37-06.jpgphoto_2025-12-19_18-37-07.jpgphoto_2025-12-19_18-37-09.jpgphoto_2025-12-19_18-37-10.jpg

Тізімге оралу