Сернокислот цехының технологы, әрі «SSAP» ЖШС кәсіподақ ұйымының төрағасы Ермагамбетов Ж.К. кадрларды басқару департаментінің директоры Нурмышева С.Е.-мен бірге Степногорск қаласындағы «Максат» колледжінің және Көкшетау қаласындағы Жоғары техникалық колледждің студенттерімен кездесті.
«SSAP» ЖШС өкілдері студенттерге кәсіпорында сұранысқа ие негізгі жұмысшы мамандықтары, еңбек жағдайлары, мансаптық өсу мүмкіндіктері және зауыт қызметкерлеріне ұсынылатын әлеуметтік пакет туралы баяндады. Сондай-ақ жастар өндіріс саласында табысты бастау үшін маңызды болатын негізгі құзыреттермен танысты.
Іс-шараларға заманауи әрі технологиялық өндірісте жұмыс істеуге қызығушылық танытқан шамамен 60 студент қатысты.
Кездесулер Жұмысшы мамандықтары жылы аясында ұйымдастырылды. Оның мақсаты – жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру және өнеркәсіп секторына жас кадрларды тарту.
