13 қараша күні Ш. Уәлиханов атындағы орта мектепте (Индербор кенті) «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында жүзеге асырылып жатқан «Isker Talks» жобасы бойынша кездесу өтті.
Іс-шараға «Karabatan Utility Solutions» ЖШС қызметкерлері қатысты:
• Саматова А. Н. — орталық диспетчерлік пункттің байланыс жөніндегі инженері;
• Жұмағалиев Б. О. — электр жабдықтарын жөндеу және күтіп-ұстау электромонтері;
• Ботагараев А. С. — қазан-турбина цехының ауысым бастығы.
Мамандар өздерінің кәсіби тәжірибелерімен бөлісіп, энергетика саласындағы сұранысқа ие бағыттар туралы айтып, 9–11 сынып оқушыларының сұрақтарына жауап берді.
Оқушылар кәсіби мүмкіндіктерге қызығушылық танытып, болашақ мамандығын саналы түрде таңдауға көмектесетін нақты кеңестер мен ұсыныстар алды.
