news picture

Жұмысшы мамандықтар жылы: өз ісінің шебері туралы хикая

Телбаев Ильяс Дулатұлы — «ХИМ-плюс» ЖШС формуляция цехының шебері, өндірісті өмірлік ісі еткен жан. Еңбек жолын осы кәсіпорында цехтың слесарі ретінде бастап, табандылығы мен жауапкершілігінің арқасында шебер дәрежесіне дейін өсті.

Жиырма жылдан астам еңбек өтілі бар Ильяс Дулатұлы өндірістік үдерістерді ғана басқарып қоймай, әріптестеріне өз үлгісімен шабыт береді, жаңа технологияларды енгізуге және еңбек үдерістерін жетілдіруге белсенді қатысады.

Оның еңбек жетістіктерінің қатарында полиэтилен қоспаларын сынақтан өткізуге қатысу, индустриялық сертификат алуға арналған құжаттарды әзірлеу, сондай-ақ еңбек шығындарын азайтып, өндіріс тиімділігін арттыру мақсатында цехтың үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету үшін озық еңбек тәсілдері мен әдістерін енгізу бар.

2025 жылы Ильяс Телбаев Тараз қаласында өткен «Ұздік тауар 2025» аймақтық көрме-байқауында кәсіпорынды абыроймен таныстырды. Кәсіпке адалдығы мен жемісті еңбегі үшін ол «Самұрық-Қазына» АҚ, «SK Ondeu» ЖШС және «ХИМ-плюс» ЖШС басшылығының Құрмет грамоталары және Алғыс хаттарымен бірнеше рет марапатталған.
Тізімге оралу