news picture

Манасов Рүстем «Karabatan Utility Solutions» ЖШС

Манасов Рүстем «Karabatan Utility Solutions» ЖШС-нің химиялық су дайындау және тазарту қондырғылары цехының су дайындау учаскесінде электр станциясының химиялық су тазарту аппаратшысы болып жұмыс істейді.

Су дайындау жобасы іске қосылған сәттен бастап Рүстем оның жүзеге асуына және сүйемелдеуіне белсенді түрде қатысып келеді. Ол су дайындау қондырғыларын іске қосу және реттеу жұмыстарына тікелей қатысып, су тазарту нысандарын пайдалануда мол тәжірибе жинақтаған.

Оның міндетіне суды тазарту бойынша автоматтандырылған үдерістерді басқару кіреді. Атап айтқанда: диск фильтрлері, ультрафильтрация, кері осмос және электродеионизация қондырғылары, сондай-ақ химиялық реагенттерді мөлшерлеп қосу. Жоғары біліктілігі мен тәжірибесінің арқасында Рүстем жабдықтың сенімді әрі қауіпсіз жұмыс істеуін, технологиялық үдерістердің үздіксіз жүруін және өртке қарсы, техникалық, тұзсыздандырылған және деминералданған судың тұрақты өндірісін қамтамасыз етіп келеді. Сонымен қатар ол химиялық жуу жұмыстарын жүргізеді, сорбциялық фильтрлер мен сорғы жабдықтарын күтеді.

Рүстемнің бастамасымен ультрафильтрация қондырғыларын кешенді химиялық жуу әдісі жетілдіріліп енгізілді, бұл жабдықтың жұмыс тиімділігін айтарлықтай арттыруға мүмкіндік берді.
Ісіне жауапкершілікпен қарауы, жоғары еңбек тәртібі мен кәсібилігі Рүстемді әріптестеріне үлгі етеді.

Біз әрбір қызметкердің адал еңбегін бағалаймыз және олардың кәсіпорынның тұрақты дамуына қосқан үлесімен мақтанамыз.


Тізімге оралу