news picture

Кадрлар даярлау. «Бутадиен» ЖШС жаңа білім беру бағдарламаларын енгізуде

Қазақстан Республикасының мұнай-газ химия саласындағы тар бейінді мамандарға деген сұранысының артуы жағдайында «Бутадиен» ЖШС оқу орындарымен бірлесіп жаңа буын мамандарын даярлау бойынша бірқатар бастамаларды жүзеге асыруда.

«Бутадиен» ЖШС бутадиен және оның туындыларын өндіру мақсатында құрылып, оның қатысушыларының бірі – SK Ondeu компаниясы.
Жергілікті атқарушы органдардың (ЖАО) қолдауымен келесі оқу орындарымен бірлескен жобалар жүзеге асырылды:
• С. Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетімен бірге Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің тізіліміне енгізілген жаңа бакалавриат бағдарламасы әзірленді:
• 6В07109 «Материалтану және жаңа материалдар технологиясы»;
• С. Мұқашев атындағы Атырау политехникалық жоғары колледжі екі бейінді білім беру бағдарламасын енгізді:
• 07220700 «Полимер өндірісінің технологиясы»;
• 07110100 «Химиялық технология және өндіріс».
Бұл бағдарламалар каучукке қатысты пәндерді қамтиды және саланың қазіргі сын-қатерлерін ескере отырып, технологиялық инновацияларға, экологиялық аспектілерге және тұрақты даму қағидаттарына ерекше назар аударады.

Сондай-ақ, «APEC Petrotechnic» Атырау жоғары колледжімен бірлесіп, жұмысшы кадрларды даярлауға арналған екі қысқа мерзімді бағдарлама әзірленді (аппаратшы, оператор/зертханашы мамандықтары бойынша). Аталған бағдарламалар өңірлік Индустриялық кеңестің мақұлдауынан өтті және аккредитация сатысында. Қаржыландыруды ЖАО-ның мақсатты тапсырысы аясында ұйымдастыру жоспарлануда.

Кадрларды даярлаудың маңызды бөлігі – «Татнефть» ПАҚ-тың жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарында тағылымдамадан өту. Қазіргі таңда серіктес оқу орындарының оқытушылары «Тольяттикаучук» ЖШҚ (Татнефть компаниялар тобы) базасында тағылымдамадан өтуде.
Тізімге оралу