news picture

SK Ondeu жергілікті қамту үлесін 86%-ға дейін арттырды.

SK Ondeu тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді сатып алудағы жергілікті қамту үлесін 86%-ға дейін арттырды. 2024 жылы SK Ondeu тобы бойынша жергілікті қамту үлесі 86%-ды құрады. Ал 2022 және 2023 жылдары бұл көрсеткіш тиісінше 80% және 82% болған.
2024 жылы жалпы сомасы 15,1 млрд теңгеге сатып алулар жүргізілді, оның ішінде: тауарлар – 1,4 млрд теңге; жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер – 13,7 млрд теңге.
Жергілікті қамтуды дамыту — мемлекеттік және квазимемлекеттік сатып алулар саласындағы басым бағыттардың бірі. Бұл бастама отандық өндірушілерді қолдауға, жаңа жұмыс орындарын ашуға, ұлттық экономиканы дамытуға және жергілікті компаниялардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған.
Сатып алудағы жергілікті қамту – бұл сатып алынатын жалпы өнім көлеміндегі қазақстандық тауарлар, жұмыстар мен қызметтердің үлесі. Сондай-ақ бұл ұғым отандық компаниялардың өндірістік және мердігерлік қызметтерге қатысуын білдіреді.
SK Ondeu мемлекеттік саясатқа сәйкес, сатып алулардағы жергілікті мазмұнды арттыру және отандық өндірушілерді қолдау бойынша жүйелі жұмыс жүргізіп келеді
Импортты алмастыру және жергілікті қамтуды дамыту жөніндегі жергілікті жобалық кеңсе бизнес субъектілерінен өндіріс жоспарланып отырған тауарларды Импортты алмастыратын тауарлар пулына енгізу бойынша ұсыныстарды тұрақты түрде қарастырып отырады.

Жеткізушілердің сенімі артты
Тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуға қатысты талдау жұмыстарының жүйелі түрде жүргізілуінің нәтижесінде, еншілес және тәуелді ұйымдар (ЕТҰ) бойынша әлеуетті жеткізушілерден (жеткізушілерден) түскен шағымдар мен өтініштер саны 68%-ға азайды.
Атап айтқанда, SK Ondeu тобының ЕТҰ сатып алуларында техникалық сипаттама, тендерлік құжаттаманың жобасы, шарт жобалары мен баға негіздемелері Товариществоның тиісті құрылымдық бөлімшелерінің тексеруінен өтеді.
2023 жылмен салыстырғанда, 2024 жылы шағымдар саны 103-тен 33-ке дейін қысқарды, олардың ішінде «Самұрық-Қазына» қорының Сатып алуды бақылау қызметі актілерімен расталған шағымдар саны 22-ден 6-ға дейін төмендеді.
2025 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша Қордың Сатып алуды бақылау қызметімен расталған бірде-бір шағым немесе өтініш тіркелмеген.
вц каз.pngнарушения каз.png

Тізімге оралу