news picture

«SK Ondeu» ЖШС Қазақстанның ғылыми қауымдастығымен ынтымақтастықты кеңейтуде

«SK Ondeu» компаниясының басқарма төрағасы Данияр Маулетов бастаған команда А.И. Бараев атындағы Астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығына жұмыс сапарымен барды. Сапардың мақсаты – ғылым мен бизнестің өзара әріптестігін нығайту және бірлескен жобаларды жүзеге асырудың жаңа бағыттарын қарастыру. Сапарға сондай-ақ бизнесті дамыту жөніндегі басқарушы директор Жандос Оразалиев пен бизнесті және ғылымды дамыту департаментінің ғылым жөніндегі үйлестірушісі Алтынай Шарипова қатысты. НПЦЗХ басқарма төрағасы Тимур Савин Орталықтың ғылыми әзірлемелерін таныстырып, дәнді, бұршақты, майлы және малазықтық дақылдарды өсіру технологиялары мен жаңа сорттарды шығару бойынша қолданбалы зерттеулерге баса назар аударды. Қонақтар селекционерлер Е. Қайыржанов, Н. Филиппова және И. Ошергина жетістіктерімен танысты. Биохимия және агрохимия зертханаларында Орталық мамандары ауыл шаруашылығы дақылдарының сапасын бағалау мен топырақты талдаудың заманауи әдістерін көрсетті. Бұл әдістер ғылыми сараптамалар мен қолданбалы әзірлемелерде кеңінен пайдаланылады. Кездесу барысында технология трансфері мен ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыру шеңберіндегі ынтымақтастықтың болашағына ерекше назар аударылды. «SK Ondeu» ЖШС бірқатар ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жобаларды іске асырып жатыр және Орталықтың ғылыми әлеуетін өндірістік процестерге енгізудің жоғары мүмкіндігін көріп отыр.
Тізімге оралу