news picture

Дәулет Жүніспаев

Дәйексөз: «Адамдармен қарым-қатынасты құрмет пен сенімде орнатыңыз»

Дәулет Жүніспаевтың «Біріккен химиялық компания» ЖШС-дегі еңбек жолы 10 жыл бұрын басталған және ол оны Техникалық сүйемелдеу департаментінің менеджері лауазымынан бастады, ал содан кейін 2012 жылы ол Технологиялық даму дирекциясының бас менеджеріне дейін көтерілді. 2014 жылға дейін Дәулет химия өнеркәсібінің технологиялық дамуына талдау жүргізді, Серіктестіктің инвестициялық жобаларына техникалық-технологиялық сүйемелдеуді орындады, жұмыс топтарының құрамында, оның ішінде тәуелсіз кеңесшілерді тарту арқылы жаңа жобаларды, жобалау алдындағы, жобалық құжаттамаларды әзірлеуге қатысты.

Өзінің еңбек қызметін үйлестіре отырып, 2011 жылдан 2013 жылға дейін кезеңде Серіктестіктің ғылыми-техникалық кеңесінің хатшысы болды.

2014-2016 жылдар аралығында Серіктестіктің бейорганикалық және арнайы химия активтерін басқару бойынша дирекцияның бас менеджері лауазымында жобаларды іске асырудың барлық кезеңдерінде инвестициялық жобалар, бақылау және мониторингі жөніндегі әкімшінің қызметтерін жүзеге асырды.

2016-2020 жылдар аралығында Дәулет «ХИМ-плюс» ЖШС-нің Бақылау кеңесінің хатшысы лауазымында жұмыс істеді, онда ол «ХИМ-плюс» ЖШС-нің корпоративтік басқаруын, қызметін үйлестіруді және мониторингін қамтамасыз етті.

Әр жылдары ол Қазақстанның химия өнеркәсібін дамытудың 2010-2014 жылдарға арналған мастер-жоспарын әзірлеуге, «ТаразХимПарк» АЭА, «каустикалық сода мен хлор», «глифосат», «натрий цианиді» өндірісі сияқты жаңа инвестициялық жобаларды дамытуға қатысты.

Дәулет Ph.D. – Химия саласындағы философия докторы дәрежесіне ие, «Винилалкилді эфирлердің дифильді сополимерлерінің және олардың негізіндегі комплекстерінің өзін-өзі ұйымдастыру әсерлері және физика-химиялық қасиеттері» тақырыбына диссертация қорғады. Бірақ ол орнында тоқтап тұрған жоқ және үнемі дамып келеді, 2016 жылы Қазақ технология және бизнес университетін бітіріп, «Менеджмент» мамандығы бойынша экономика және бизнес бакалавр дәрежесі берілді.

2005-2008 жылдар аралығында Дәулет ғылыми қызметпен айналысты және Түркияның Анкара қаласындағы «Радиациялық химия және полимерлер химиясы зертханасы» және Ұлыбританияның Рединг қаласындағы «Фармация мектебі жанындағы медициналық-биологиялық тағайындалған полимерлер зертханасы» сияқты ғылыми тағылымдамалардан өтті.

Сондай-ақ Дәулет 30-дан астам ғылыми жарияланымдарды бірлескен авторлықта жариялады, оның ішінде 4 мақала импакт-факторы жоғары халықаралық ғылыми журналдарда жарияланған. Оған қоса, оның мынадай құрмет грамоталары бар: Қазақстан Республикасындағы химия өнеркәсібін дамытуға қосқан белсенді үлесі үшін (2015 ж.), сонымен қатар еңбек сіңіргендігі үшін көтермелеу және алға қойылған міндеттерді шешуге қосқан жеке үлесі үшін (2019 ж.).

Қазіргі уақытта Дәулет Серіктестікте Активтерді дамыту қызметінің үйлестірушісі болып жұмыс істейді, активтерді басқару мәселелері бойынша қызметті әдіснамалық қамтамасыз етумен, активтерді басқару бойынша жұмыстарды жоспарлаумен, әрекеттегі активтерді басқарумен,  оларды өндірістік қуаттылыққа шығару арқылы өндірістің тиімділігінің өсуін қамтамасыз етумен айналысады.

Дәулет жұбайымен үш қыз тәрбиелеп отыр, отбасымен бірге кітап оқығанды, әлемді танумен айналысуды және жүзуді ұнатады.

Тізімге оралу