news picture

Тума химик

Жұмысшы мамандықтарының жылы және Халықаралық әйелдер күні қарсаңында біз сіздерді өндірісте жұмыс істейтін асыл жандармен таныстыруды жалғастырамыз. Арайлым Әубәкірова – «ХИМ-плюс» ЖШС Формуляция цехының зертханашысы.
Мектеп жасынан бастап химияға қызығушылық танытты, бұл болашақта оның кәсіби таңдауын айқындап берді. Еңбек жолын «ҚазжолҒЗИ» АҚФ-да зертханашы болып бастап, «Син-Син» Қытай құрылыс және даму компаниясы» ЖШС-ға ауысты. 2019 жылдың қараша айында Арайлым Әубәкірова бес жылдан астам жұмыс істеп келе жатқан «ХИМ-плюс» ЖШС ұжымына қосылды.
Мамандықтың маңыздылығы
Әубәкірова өз қызметінде келесі маңызды міндеттерді орындайды: сынақтарға үлгілерді дайындайды, шығарылатын өнімді талдайды, глифосаттың тығыздығын, рН деңгейін және белсенді заттың құрамын өлшейді. Еңбегінің арқасында өнімнің сапасын бақылау, нормалар мен стандарттарға сәйкестігі қамтамасыз етіледі, бұл Арайлымды өз ісінің таптырмас маманы етеді.
Арайлым атап өткендей, зертханашы мамандығы ұқыптылық пен мұқияттылықты талап етеді. Зертханашының жұмысыда белгілі бір кәсіби тәуекелдер бар, сондықтан заңнамада бірқатар жеңілдіктер қарастырылған. Олардың қатарында қысқартылған жұмыс күні, жұмыс берушіден қосымша зейнетақы аударымдары, сондай-ақ арнайы тамақтану, жеке қорғаныс құралдары және демалысқа қосымша күндер бар. Бұл жағдайлар кәсіпті тартымды, әрі жұмысшылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
Көпшілікке танылуы және жетістіктері
А. Әубәкірованың сапалы әрі жауапты жұмысы назардан тыс қалмайды. «ХИМ-плюс» ЖШС басшылығы жыл сайын оның еңбегін алғыс хаттармен және грамоталармен атап өтеді. 2024 жылы Республика күніне орай «SK Ondeu» Басқарма төрағасының Құрмет грамотасына ие болды.
Біздің әріптесіміз жұмыстан басқа мектеп оқушысының қамқор анасы. Бос уақытында тамақ пісіруді және кітап оқуды ұнатады.
Арайлым Әубәкірованың тарихы - әйелдердің өнеркәсіптегі маңызды рөлінің жарқын үлгісі. Арайлымның іске деген адалдығы, кәсібилігі мен жауапкершілігі оны кәсіпорынның мақтанышы етеді. Жұмысшы мамандықтарының жылы және алдағы Халықаралық әйелдер күні – өндірісті дамытуға қосқан үлесі үшін асыл жандарға алғыс білдірудің тамаша себебі.

Аяжан Cағындық
Тізімге оралу