news picture

Жанар Төлеубекова

Дәйексөз: «Бәрі біздің қолымызда, сондықтан оларды төмен түсіруге болмайды».

Жанар Төлеубекова өзінің еңбек жолын «Біріккен химиялық компания» ЖШС-де 10 жылдан астам бұрын аутсорсинг секторының әкімшілік менеджері лауазымынан бастаған, 2011 жылы ол Персоналды және әкімшілік-шаруашылық қызметті басқару бойынша департаменттің (ПӘШҚБД) менеджері лауазымына ауыстырылды, 2013 жылы ПӘШҚБД бас менеджері лауазымына тағайындалды. 2019 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін аталған Департаменттің аға менеджері болып табылады.

Жанардың жұмыс процестері біздің Компанияның қызметкерлерін «Таланттарды басқару бойынша бағдарламаны» іске асыруды үйретуден және дамытудан тұрады.

Компания персоналының еліктіргендік пен адалдық рейтингін жақсарту бойынша мәселелерді қадағалайды, бұл ретте әкімшілік менеджері лауазымымен үйлестіреді.

«Менің уәждемем біздің Компанияның қызметкерлерге деген қатынасы болып табылады, онда қызметкерлердің дамуы маңызды рөл атқарады, бұл өте маңызды. Ал менің жұмысыммен бірге – жалпы табыстың құрамдас бөлігі».

2017 жылы Жанар Қордың HR («Самұрық-Қазына» АҚ) – «Жалпы Қызмет көрсету Орталығын құру» жобасын іске қосуға белсенді қатысты. Сол жылы ол IPMA level A, B, C, D (30% қызметкерлер) жобаларын басқару саласында Компания қызметкерлерін халықаралық сертификаттау процесін ұйымдастырумен және мониторингімен айналысты.

2019 жылы Қор Тобындағы әріптестерімен бірге «Компаниядағы көшбасшылық» бағдарламасын (Жоғары және орта буындағы көшбасшыларды дамыту бағдарламасы) іске қосты.

«Біздің Компанияда мен жаңа дағдыларды игердім, ал ең бастысы, кәсіпқой және қызықты адамдарды кездестірдім, олармен қарым-қатынас пен ынтымақтастықты жалғастырудамыз. Ең қиыны – Компания өзгерістерге қарсылық жасаған кездегі, жетекшілік жасайтын басшы болмаған кездегі жағдайларда позитивті жүріс-тұрыс пен жұмысқа қабілеттілікті сақтау болды. Жеке мен үшін ауырпалықты сәттер әділетсіз қарым-қатынас пен қос стандарттар болып табылады. Бүгінгі күні біздің команда керемет және тиімді жұмыс істеу үшін барлық жағдайлар жасалған. Әрине, мен үшін балаларымды тәрбиелеу мен кәсіби қызметімді үйлестіру оңай емес, бірақ work and life balance режимін сақтаған кезде мүмкін болады. Бүгінде көп емес, тиімді жұмыс істеу маңызды».

Біздің Компанияда, егер кәсіби деңгейде білім алғыңыз және дамығыңыз келсе, онда Жанарға жүрексінбей жүгінуге болатыны бәріне белгілі, өйткені әр қызметкерге жеке тіл табатынын ескере отырып, ол ең өзекті мен қызықтынының бәрін таңдап береді.

Жанар жарымен бірге екі ғажайып балақайды – қыз бен ұлды тәрбиелеп отыр. Оның сүйікті хоббиі жүзумен белсенді айналысу және кітап оқу болып табылады.

«Жалпы айтқанда, мен өзімнің кәсіби мансабымның қалай қаланып жатқанына, мен өз құзыреттіліктерімді қалай кеңейтіп және оны одан әрі жалғастырып жатқаныма ризамын. Мен бәріне – үнемі дамып, үйреніп, өз үшін маңызды мақсаттар қойып, оларға қол жеткізіңіздер – деп кеңес бергім келеді».

Біздің Компания «Жыл адамы» науқанын оқырмандар өздерінің кейіпкерлерін жүзінен тану үшін іске қосады. Достар, дауыс берейік! Қорытындыларын әр айда, тоқсанда, сондай-ақ жылдың соңында шығарамыз! #БХК-ныңжыладамы.

Тізімге оралу