«Таза Қазақстан» акциясы аясында «SK Ondeu» ЖШС фандоматтары 115 мыңнан астам пластикалық бөтелкелер мен алюминий банкаларды кәдеге жаратты
«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында «Samruk Kazyna Ondeu» Қордың қолдауымен Астанадағы «Самұрық-Қазына» бизнес-орталығының 1-қабатында Қор компаниялары тобының барлық жұмыскерлері үшін пластикалық бөтелкелер мен алюминий банкаларды қабылдайтын аппарат орнатты. Осы кезеңде алғашқы фандоматқа 15.000-нан астам пластикалық бөтелке мен 3000-нан астам алюминий банка жиналды.
«SK Ondeu» Қордың портфельдік компанияларының «Qazaq Gaz» ҰК АҚ, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ, «Samruk Business Academy» ЖМ, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ кеңселерінде осындай фандоматтарды орнатуға бастамашы болды.
2024 жылғы 30 қыркүйекте «SK Ondeu» ЖШС, «Samruk Kazyna Trust» КҚ және «Ecoplatform Kazakhstan» ЖШС арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылып, оның шеңберінде тараптар қайта өңдеуге арналған ыдыстарды қабылдайтын аппараттан жиналған пластикалық бөтелкелер мен алюминий банкаларды сатқаннан түскен қаражатты қайырымдылық жобаларын іске асыру үшін беруге келісті.
Фандоматтарды орнату экологиялық саналы мінез-құлықты қалыптастыруға және экологиялық іздерді азайтуға ықпал ететін инновациялар мен технологиялық дамуды қолдауға, қызметкерлер мен келушілер үшін жағдайларды жақсартуға, экологиялық беделді арттыруға және қалдықтарды басқару шығындарын азайтуға бағытталғанын айта кету қажет.
- Қалдықтарды бөлек жинау қоршаған ортаның ластануын азайтудың қарапайым және тиімді әдістерінің бірі. Ол қоқыс мөлшерін азайтып қана қоймай, сонымен қатар одан жаңа пайдалы заттар жасауға болатын материалдарды қайта өңдеуге мүмкіндік береді, деп атап өтті «SK Ondeu» ЖШС-ның тұрақты даму жөніндегі менеджері Багжан Қасымбекова.
Компания «Таза Қазақстан» экологиялық қозғалысы аясында жобаларды одан әрі іске асыруды жоспарлап отыр.