«Samruk-Kazyna Ondeu» Қор компаниялары тобының жұмыскерлері арасында экомәдениетті қолдау бойынша өткізілген байқаудың жеңімпаздарын марапаттады.
«Самұрық-Қазына» қорының және портфельдік компанияларының жұмыскерлері 12 000-нан астам пластикалық бөтелке мен 2 500 алюминий банка жинады. Бір ай бойы олар пластикалық бөтелкелер мен алюминий ыдыстарды «Samruk-Kazyna Ondeu» орнатқан фандоматқа салды.
Байқау нәтижесінде Қордың түрлі портфельдік компанияларынан 10 жеңімпаз анықталды. Олар алғыс хаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
«Samruk-Kazyna Ondeu» ЖШС Басқарма төрағасы Данияр Мәулетов әріптестеріне конкурсқа белсенді қатысқаны үшін алғыс айтып, осы жобаны масштабтау бойынша жоспарларымен бөлісіп, жеңімпаздарға марапаттарды табыстады.
- «Таза Қазақстан» ауқымды экологиялық акциясы Елбасының бастамасымен осы жылдың сәуір айында басталды. Қор компаниялары тобының жұмыскерлері бастаманы белсенді қолдап, күн сайын табиғатқа ұқыпты қарау қағидаттарын енгізіп отырғаны қуантады. «Samruk-Kazyna Ondeu» байқауы аясында экомәдениетті қалыптастыруға және дамытуға қосқан елеулі үлесіңіз үшін алғыс білдіреміз. Біздің бірлескен тәжірибеміз «Таза Қазақстан» экологиялық қозғалыстың одан әрі бастамалары мен тұрақты дамуын және жоғары стандарттарын қолдау үшін ынталандыру болады деп үміттенеміз, – деп атап өтті Данияр Мәулетов.
Қордың қолдауымен «Samruk Kazyna Ondeu» жақында Астанадағы «Самұрық-Қазына» бизнес-орталығының 1-қабатында Қор компаниялары тобының барлық жұмыскерлері үшін пластикалық бөтелкелер мен алюминий банкаларды қабылдау аппаратын орнатқанын естеріңізге сала кетейік. Конкурс аясында кәдеге жаратылған барлық ыдыстарды қайта өңдеу көмірқышқыл газының шығарындыларын 2,5 тоннаға қысқартуға мүмкіндік берді. Компания «Таза Қазақстан» экологиялық қозғалысы шеңберінде жобаларды одан әрі іске асыруды жоспарлап отыр.
«Таза Қазақстан» республикалық акциясы қоршаған ортаның тазалығы мен ел экологиясын қолдау үшін күресте маңызды қадам болғанын айта кету керек. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасы экопатриотизмге, азаматтарды, мемлекеттік және жеке ұйымдарды аумақтарды тазалауға, су айдындарын тазартуға, полигондарды жоюға және экологиялық хабардарлықты арттыруға бағытталған.
Акцияның алғашқы күндерінен бастап ол көпшіліктің көңілінен шықты. 2024 жылы «Таза Қазақстан» аясында бірнеше миллион тонна қалдықтар жиналып, кәдеге жаратылды, мыңдаған гектар жерлер мен ондаған өзендер тазартылды.
Жеңімпаздар:
1-орын – Әсемгүл Оспанова, «QazCloud» ЖШС
2-орын – Әйгерім Әбдіқадырова, «ЅК Ondeu» ЖШС
3-орын – Грасмик Камила, «ЅК Ondeu» ЖШС
4-орын – Мәлік Қайырбек, «ЅК Ondeu» ЖШС
5-орын – Тукина Құралай, «ӘӨЫК» ЖМ
6-орын – Айбатова Дина, «ӘӨЫК» ЖМ
7-орын – Маширов Ерлік, «ЅК Ondeu» ЖШС
8-орын – Жанбаева Айдана, «ЅК Ondeu» ЖШС
9-орын – Рақымов Қуат, «SKBS» ЖШС
10-орын – Омаралы Баршын, «KapTechnology» ЖШС
Жеңімпаздарды құттықтаймыз!
