news picture

Астанада «Samruk-Kazyna Ondeu» спартакиадасының қорытындысы шығарылды

Астанада «Samruk-Kazyna Ondeu» спартакиадасының қорытындысы шығарылды. Жылда өткізілетін іс-шара бұл жолы «SK Ondeu» ЖШС-ның 15 жылдығына арналды. Жарысқа орталық аппарат пен еншілес ұйымдардың спортшылары қатысты. Олар спорттың 9 түрінен: арқан тарту, армрестлинг, асық ату, киберспорт, мини-футбол, үстел теннисі, жүзу, тоғыз құмалақ және шахмат түрлерінен жарыс өткізді.

Арқан тартуда «Karabatan Utility Solutions» ЖШС құрамасы өзін мықты екенін көрсетті. Танымал асық ату ұлттық ойынында «SK Ondeu» ЖШС-дан Талғат Тұрсынов жеңімпаз атанды. Әйелдер арасында бес асық бойынша «SK Ondeu» ЖШС-дан Гүлім Макеева үздік атанды.

Ерлер арасында үстел теннисінен Жандарбек Қабыл чемпиондық атанса, әйелдер арасында бірінші орынды Динара Сағызбаева иеленді, екеуі де «KUS» ЖШС-ның өкілі. Ерлер арасында армрестлингте «KUS» ЖШС-дан Абзал Қадашев мықты болды. Әйелдер арасында «SK Ondeu» ЖШС-дан Ләззат Бегалиева көш бастады.

«KUS» ЖШС командасы ең озық киберспортсмен атанды. Ерлер арасындағы шахмат сайысында «SK Ondeu» ЖШС өкілі Нұрсұлтан Балтабаев қарсыластарынан басым түсті. Тоғыз құмалақ ұлттық ойыны бойынша ерлер арасында «SSAP» ЖШС өкілі Руслан Мусин, ал әйелдер арасында «KUS» ЖШС-дан Гүлдана Жабасова көш бастады. 800 метрге жүзуде «SK Ondeu» ЖШС өкілі Әділ Әділгереев бәсекелестерін қапы қалдырды. Ал шағын футболда атыраулық «KUS» ЖШС көш бастады.

- «Samruk-Kazyna Ondeu» ЖШС-ның құрылғанына 15 жыл толуына арналған спартакиада қатысушыларын шын жүректен құттықтаймын! Спорттық рухы барлар жеңіске жетіп, өмірге құштарлық пен көшбасшылықтың үлгісі бола білді деп санаймын. Компания сіздермен мақтанады! Спартакиаданың барлық қатысушыларына еңбек ұжымы мен жеке өз атымнан алғысымды білдіремін, - деді жарыстың жабылу салтанатында «Samruk-Kazyna Ondeu» ЖШС Басқарма төрағасы Данияр Мәулетов.

Жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне кубоктар мен алғыс хаттар табысталды. Үздік спортшылар Қордың спартакиадасында компанияның намысын қорғайтын болады.

 

Тізімге оралу