news picture

Қазақстан Президентінің Қазанға сапары аясында бутадиен және оның туындылары өндірісін салу туралы келісімге қол қойылды.

Қазақстан Республикасы Президентінің Қазанға сапары аясында Қазақстан Үкіметі, «Самұрық-Қазына» АҚ және «Татнефть» ЖАҚ арасында бутадиен және оның туындыларын өндіру құрылысын салу туралы келісімге қол қойылды. Жоба жаңа жұмыс орындарын құруға және экономиканы әртараптандыруға ықпал ете отырып, ҚР-ның өнеркәсіптік секторын дамытуға өзінің үлесін қосуға кепілдік береді. Жобаның қатысушылары  SK Ondeu ЖШС мен Татнефть ЖАҚ:  30 мың тоннаға дейінгі стирол бутадиен стиролды термоэластопласты;  60 мың тоннаға дейінгі дивинил стиролды синтетикалық каучукты;  130 мың тоннаға дейінгі изобутан изобутиленді фракцияны;  40 мың тоннаға дейінгі метил-трет-бутилды эфирді;  45 мың тоннаға дейінгі бутадиенді қоса алғанда, өнімнің әр түрін өндіруді жоспарлап отыр. Жоба 2022 жылдан бастап 2026 жылдың соңына дейін Атырау облысының ҰИМП АЭА аумағында жүзеге асырылады және құрылыс барысында 2200-нан астам және пайдалануға беру кезінде 754 жұмыс орнын қамтиды. Өндірілген өнім резина мен полимерлер, автомобиль шинасы мен резинотеникалық бұйымдарды, химия өнімдерін, оның ішінде мотор майына қоспаларға арналған шикізатты өндіруді және т.б. бірге әртүрлі салада кеңінен қолданылатын болады. Жоба Қазақстанның өнеркәсіптік әлеуетін нығайтып қана қоймай, сонымен қатар елдің экономикалық перспективасын кеңейте отырып экспорт үшін жаңа мүмкіндіктерді ашуға ықпал етеді.
Тізімге оралу