news picture

SK Ondeu мен Desmett Ballestra ынтымақтастықтың перспективаларын талқылады

Бүгін Samruk-Kazyna Ondeu басшылығының, Самұрық-Қазына АҚ Стратегия және активтерді басқару жөніндегі тең басқарушы директоры Е.Отыншиевтың  итальяндық Desmett Ballestra компаниясының өкілдерімен кездесуі өтті. Кездесуде жаңа жобалар, оның ішінде SSAP жобасы базасында (Степногорск қаласы) күкірт қышқылы өндірісін кеңейту жобасын іске асыру бойынша ынтымақтастықтың перспективалары талқыланды.

Desmet Ballestra – ірі халықаралық компания, Elecsnet Clean Technologies (жабдықты жобалаушы және өнім беруші, бұрыңғы - Dupont MECS) және Prayon-ның жетекші лицензияланған мердігері. Органикалық және бейорганикалық химия өнеркәсібі салаларында инновациялық технологиялық шешімдер мен озық жабдықтарға маманданған көп жылдық тарихы бар.

SK Ondeu мен Desmet Ballestra 10 жылдан астам уақыт бойы табысты ынтымақтастыққа қолдау көрсетіп отыр, себебі Desmet Ballestra SSAP зауытында күкірт қышқылын өндіруге арналған технологиялық жабдықтың сенімді өнім берушісі.

Тізімге оралу