news picture

Samruk-Kazyna Ondeu және CNCEC Қазақстанның химия өнеркәсібін дамытудағы өзара тиімді серіктестік мүмкіндігін талқылады.

Samruk-Kazyna Ondeu және Қытайдағы жетекші инжинирингтік компаниялардың бірі China National Chemical Engineering Co., Ltd (CNCEC) өзара тиімді әріптестік туралы келіссөздер жүргізді. Әлеуетті ынтымақтастық Қазақстанда химия өнеркәсібін дамытуға және арнайы, мұнай-газ және агрохимия саласындағы жобаларды іске асыруға бағытталған.

Келісімдерге сәйкес Samruk-Kazyna Ondeu және CNCEC Қазақстанның химия өнеркәсібіндегі инновациялық жобаларды дамыту үшін өз сараптамаларын, ресурстары мен тәжірибелерін біріктіруге ниетті. Екі компания да өзара тиімді шарттарда ұзақ мерзімді стратегиялық әріптестікті нығайтуға терең қызығушылық танытып отыр.

Анықтама:

CNCEC – Қытайдағы ірі инжинирингтік компаниялардың бірі. Ол химия, мұнай-химия, энергетика және мұнай-газ өнеркәсібі саласындағы түрлі жобаларды жобалауға, салуға және басқаруға маманданған.

Тізімге оралу