news picture

«Samruk-Kazyna Ondeu» ЖШС-ның басқарушы директоры Жандос Оразалиев «Полимер Продакшн» ЖШС-ның еншілес компаниясының жұмыскерлерімен коммуникациялық кездесу өткізді.

SKO басшылығының ЕТҰ жұмыскерлерімен кездесулері 2021 жылдан бастап тұрақты негізде өткізіліп тұрады. Бұл кездесулерде кез келген жұмыскер көкейкесті сұрақтарын қойып, бас компания басшылығынан жедел жауап ала алады.

Осы кездесуде Оразалиев Жандос Бақбергенұлы жұмыскерлер арасында сауалнама жүргізу негізінде қалыптасқан 2022 жылғы әлеуметтік тұрақтылық индексінің (SRS) өлшемдері бойынша зерттеу қорытындысын ұсынды. SRS нәтижелері әрдайым мұқият талданып, жұмыскерлерді толғандыратын мәселелерді шешу үшін қажетті шаралар қабылданады.

Сонымен қатар кездесуде еңбек қауіпсіздігі, зауыттың даму перспективалары, жастар саясатын дамыту және т.б. мәселелер талқыланды.

Тізімге оралу