news picture

«Samruk-Kazyna Ondeu» ЖШС-ның өсімдіктерді қорғау құралдарын өндіру бойынша бірінші ҒЗТКЖ жобасы

«Samruk-Kazyna Ondeu» ЖШС ҒТК-нің (ғылыми-техникалық кеңес) кезекті отырысы өткізілді, онда ауыл шаруашылығына арналған күкірттен фунгицидтік-бактерицидтік препарат өндіру бойынша жобаның ҒЗТКЖ бірінші кезеңін іске асыру барысы туралы есеп тыңдалды. ҒТК мүшелері жоба аясындағы тапсырмалардың жоғары деңгейде орындалғанын атап өтіп, оны одан әрі іске асыруды ұсынды.

Жоғарыда айтылғандай, бұл жобаның нәтижесі еліміздің ауыл шаруашылығын дамыту үшін кесек күкірттен өсімдіктерді қорғау құралдарын өндіру мүмкіндігі болмақ. Сондай-ақ оны мал шаруашылығында қолдану аясын кеңейту мүмкіндігі де бар.

Жобаны Алматы қаласындағы Kazakh British Technical University базасында зерттеу тобы жүзеге асыруда.

Тізімге оралу