news picture

Түркістан қаласының түркі өркениетінің рухани астанасының қасиетті жерінде 10-13 қараша аралығында «Самұрық-Қазына»

Түркістан қаласының түркі өркениетінің рухани астанасының қасиетті жерінде 10-13 қараша аралығында «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамының портфельдік компаниялары мен еншілес ұйымдарында жұмыс істейтін 35 жасқа дейінгі мамандарға арналған Жастар форумы өтті.

«Samruk-Kazyna Ondeu» ЖШС компаниялары тобынан аталған іс-шараға 4 адам қатысты: Қойшыманова Салтанат (SK-Ondeu), Котова Мария (Полимер Продакшн), Есенбекова Бақыт (Полимер Продакшн) және Цой Елена (SK-Ondeu).

Іс-шараға еліміздің түкпір-түкпірінен 200 үздік жас маман қатысты. Форум аясында жастар ұлттық дәстүрлерді білуге арналған қызықты квесттерде жарысып, жеке тұлғаны дамыту, команда құру бойынша интерактивті тренингтерде оқудан өтті, сондай-ақ «Самұрық-Қазына» Қорының жастар саясаты мен компанияны дамытудың жаңа идеяларымен бөлісті.

Тізімге оралу