news picture

ХИМИЯ ӨНЕРКӘСІБІ – ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫН ҚҰРУШЫ КӨШБАСШЫЛАРДЫҢ БІРІ

Халықты жұмыспен қамту – кез келген ел экономикасының маңызды көрсеткіші.  Химия өнеркәсібі тұрақты жұмыспен қамтудың жоғары деңгейін талап етпесе де, қайталама және сабақтас салаларда, сондай-ақ қызмет көрсету салаларында жанама жұмыспен қамтуды құру арқылы жоғары мультипликатор әсеріне ие (7-ден 1-ге дейін) және бүгінгі күні импортталатын немесе тұтынатын жоқ тауарларды өндіруге мүмкіндік береді. Осылайша химия саласы энергия тиімділігі, экспорт және кәсіпкерлік есебінен ел экономикасының инновациялық дамуын ынталандырады. Мысалы, тыңайтқыштар өндіру саласында (агрохимия) 100 жұмыс орнын құру кезінде жеткізуші салаларда шамамен 510 жұмыс орны мен тұтынушы салаларда және аралас салаларда 220 жұмыс орны құрылады.

Тізімге оралу